Ақтөбенің қарымта жеңісі, Торпедо мен Қарметтің түздегі жеңісі, Сұңқар үздік бестіктегі орнын нығайтты

11 qazan
61

Жексенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында төрт матч жоспарланған.

«Ақтөбе» тартысты кездесуде «Астанадан» қарымта қайтарды. Батысқазақстандықтарға дубль жасаған Алексей Артамоновтың дәл соққылары мен қақпашы Кирилл Шпигунның 37 сейві жеңіс әкелді.

«Астана» - «Ақтөбе» 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 - 02:02 - Артамонов

1:1 - 51:25 - Шевченко ГМ

1:2 - 59:36 - Артамонов (Потапов)

Қақпашылар: Есен - Шпигун

«Торпедо» нәтижелі өткен екінші кезеңнің арқасында «Горнякты» тағы да сенімді түрде жеңді. Қонақтар сапында Степан Барбанаков дубль жасаса, Алексей Трегубов 5 (1+4) ұпай жинады. Рудныйлықтар сапында Евгений Еропутов екі шайба соқты.

«Горняк» - «Торпедо» 4:10 (2:2, 0:5, 2:3)

1:0 - 01:12 - Бопп (Здоровенко) ГБ

2:0 - 02:46 - Еропутов (Логинов, Пикулев)

2:1 - 09:00 - Пальмтаг (Худяков, Домрачев)

2:2 - 09:37 - Ергешев (Дегтярев, Ботищев)

2:3 - 21:39 - Украинцев (Барбанаков, Трегубов)

2:4 - 23:27 - Кентаев

2:5 - 24:52 - Барбанаков (Хамитов, Трегубов)

2:6 - 35:09 - Ботищев (Павлюхин, Ергешев)

2:7 - 37:08 - Худяков (Трегубов, Белоусов) ГБ

3:7 - 40:31 - Еропутов (Пикулев)

3:8 - 49:35 - Барбанаков (Хамитов, Трегубов)

3:9 - 50:40 - Трегубов (Пальмтаг)

4:9 - 51:25 - Пикулев (Еропутов)

4:10 - 55:32 - Бондарев (Карпов, Худяков)

Қақпашылар: Лаюров - Грохотов (Черепанов, 40:00-60:00)

«Қармет» қатарынан төртінші кездесуде «Тұран Тайгерсті» жеңді. Бүгін түркістандықтар қарсылас қақпасына бірде-бір шайба соға алмады. Қонақтар сапында Эдуард Ольденбургер мен Жандос Нұрбеков екі шайбадан соқты. Александр Быков командаластарына үш нәтижелі пас берді.

«Тұран Тайгерс» - «Кармет» 0:9 (0:3, 0:5, 0:1)

0:1 - 10:05 - Нұрқанов (Кошеляев, Забурдяев)

0:2 - 12:32 - Винтовкин (Нурканов, Винтовкин)

0:3 - 16:42 - Дәулетбек (Нурбеков, Быков)

0:4 - 28:13 - Нұрбеков (Быков, Даулетбек) ГБ

0:5 - 29:27 - Ольденбургер (Қалқабек, Стариненко) ГБ

0:6 - 33:40 - Ольденбургер (Забурдяев)

0:7 - 34:20 - Забурдяев (Алтухов, Кошеляев)

0:8 - 39:17 - Рублёв (Быков) ГМ

0:9 - 42:36 - Нұрбеков (Дәулетбек, Сәруарбек)

Қақпашылар: Төлеубай (Полат, 33:40-40:00) - Илларионов (Золкин, 40:00-60:00)

«Сұңқар» «Мұнайшыны» қақпасына гол жібермей жеңді. Оралдықтар сапында Богдан Богайчук, Вадим Родионов және Владислав Михеев шайба соғып, мергендік есептерін толықтырды. Осы жеңістен кейін алаң иелері лиганың турнир кестесіндегі бесінші орнын нығайтты.

«Сұңқар» - «Мұнайшы» 3:0 (2:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 07:57 - Богайчук (Блохин, Костенко)

2:0 - 16:26 - Родионов

3:0 - 26:03 - Михеев (Маликов, Макаринцев)

Қақпашылар: Камбаров - Пушков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.