Қыркүйектің үздік ойыншылары

1 qazan
1574

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының алғашқы айын қорытындылаймыз.

Үздік қақпашы – Илья Костюков («Ақтөбе»)

Көбіне-көп өз голкиперінің ойынының арқасында «Ақтөбе» дәл қазір турнир кестесінің көшін бастап тұр. Костюков қыркүйекте бес толыққанды матч өткізді, өз командасының алты матчының барлығында мұзға шықты. Оның қоржынында бес жеңіс, бір «құрғақ» матч бар, сенімділік коэффициенті – 1,9, тойтарылған соққылар пайызы – 93,9%.

Үздік қорғаушы – Даир Алламов («Қыран»)

Алламов ағымдағы чемпионат басындағы 4 кездесу ішінде өткен маусымдағы нәтижелілік бағдарламасын орындап тастады. 4 матчта «Қыранның» қорғаушысы (+6) пайдалылық көрсеткішімен 7 (1+6) балл жинады. Кездесулердің бірінде Даир 5 рет командаластарына пас берді.

Үздік шабуылшы – Елисей Комиссаров («Ақтөбе»)

Ақтөбеліктердің форвардты маусымның алғашқы матчынан-ақ нәтижелі ойын көрсете бастады. Айтып өтетін жайт, ол алғашқы бес кездесуде шайба салып, чемпионаттың барлық алты кездесуінде ұпай жинады. Қазір Комиссаровтың қоржынында (+5) пайдалылық көрсеткішімен 9 (5+4) балл бар. Бұл ретте Елисейдің соққыларын жүзеге асыру пайызы айтарлықтай жоғары – 29,4. 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.