Jastar Ligasy-нда қазан айының қорытындысы бойынша өз амплуасында үздік атанған «Барыс» жастар командасының шабуылшысы Егор Левковец клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында командалық жұмыс пен табанды жаттығулардың маңыздылығын атап өтті.
JastarLigasy-нда қазан айының қорытындысы бойынша өз амплуасында үздік атанған «Барыс» жастар командасының шабуылшысы Егор Левковец клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында командалық жұмыс пен табанды жаттығулардың маңыздылығын атап өтті.
- Егор, үздік шабуылшы атағыңмен құттықтаймыз. Эмоцияңмен бөліссең. Мұндай нәтиженің сыры неде?
- Құттықтау үшін рақмет! Тамаша сезімдемін. Еңбегіңнің жеміс әкелгенін, команданың күш біріктіру жеке жетістіктеріңе ықпал ететінін көру бір ғанибет. Мұндай нәтижеге табанды жаттығулардың, команданың қолдауы мен өзіңе деген сенімнің арқасында жетесің деп ойлаймын.
- «Барыс» үйдегі сериясын жаман өткізген жоқ, алайда Батысқа сапар сәтті болмады. Нәтиже неліктен нашарлап қалды?
- Иә, үйдегі серия сәтті болды. Біз өз алаңымызда өзімізді сенімді сезіндік, өз жанкүйерлеріміздің қолдауын сезіндік. Түздегі ойындар әрдайым қиынырақ, әсіресе, мықты қарсыластармен олардың алаңында ойнау оңай емес. Бұл уақытша қиындықтар екеніне сенімдімін, біз қатені түзетумен айналысып жатырмыз.
- Биылғы маусымда команда біршама жасарды. Тәжірибелі және ересек қарсыластарға қарсы ойнау қаншалықты қиын?
- Командамыз расында да жасарды және мұның ойынға ықпал ететіні сөзсіз. Тәжірибелі қарсыластар өлшеп-пішіп, салқынқанды қимылдайды, сондықтан олармен тең түсу үшін физикалық қалып пен тактикалық схемаларды жетілдіруге тура келеді. Алайда бізде дарынды жастар да көп және бұл ойынға жылдамдық пен серпіліс береді.
- Алда бірнеше үй матчтары күтіп тұр, оның ішінде қыркүйектің басында жастар кубогінің финалында сіздер жеңілген Лига көшбасшысы –«Торпедомен» де матчтар тұр. Өскемендіктермен текетірес қаншалықты күрделі? Жеңіліс сериясын үзу үшін нені арттыру керек?
- «Торпедомен» текетірес расында аса маңызды ойын. Жастар кубогінің финалындағы жеңілістен кейін жақсырақ ойнай алатынымызды дәлелдеп, жеңуге деген құлшыныс бар. Жеңіліс сериясын үзу үшін сәттерді жақсартып, қорғаныста жинақылық танытып, қателіктерге бой алдырмау керек.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.