Қазақстан жастар чемпионатындағы екінші ойын айын қорытындылайық.
Үздік қақпашы – Кирилл Шпигун («Ақтөбе»)
«Ақтөбе» өткен айды жақсы өткізіп, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орын үшін нағыз тартысқа қосылды. Бұл жетістікке зор үлес қосқан – қазан айында мұз айдынынан түспеген Кирилл Шпигун. Ол өткен кезеңдегі 14 матчтың бәрінде ойнады (соның 13-інде — бірінші кезеңде), жалпы ойын уақыты 746 минут 43 секундты құрады. Орта есеппен Кирилл бір матчта 2,25 шайба жіберіп алған, ал соққыларды қайтару пайызы – 92,45%. Қақпашының еншісінде екі «құрғақ» кездесу және бір нәтижелі пас бар.
Үздік қорғаушы – Бекнұр Ырыс («Алматы»)
«Алматы» плей-офф аймағы үшін тартысты жалғастырып жатыр, ал оңтүстік астананың командасында қазан айында негізгі қозғаушы күш – қорғаушы болды. Бекнұр Ырыс 8 матчтың 6-сында нәтижелі ойын көрсетті. Оның еншісінде 13 ұпай (6+7) бар және пайдалығы +7 көрсеткішінде. Сонымен қатар ол қарсыластың қақпасына 16 соққы бағыттады және есепті өзгертуге деген 9 әрекетті тежеді. Соққыларды орындау көрсеткіші – 37,5%.
Үздік шабуылшы – Аристарх Киреев («Барыс»)
Астаналық команданың шабуылшысы кезеңді керемет өткізді: ол әр ойында ұпай жинап қана қоймай, әр матчта шайба соқты. Қазанда Киреев 12 шайба соғып, 11 пас беріп, пайдалығы +23 көрсеткішіне жетті. Аристарх 4 голды көпшілік құреммен соқты. Сондай-ақ оның соққыларының 38,71%-ы нәтижелі болды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Qarmet
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr