Кармет Алматыдан қарымта қайтарды, Астана Арланды тағы да жеңді

15 qazan
146

Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясында екі кездесу өтуде.

«Кармет» маусымдағы алғашқы жеңілісі үшін жанкүйерлерінің алдында ақталуды көздегені анық. Сондықтан Алматыдағы қарымта матчтың бастапқы кезеңінде-ақ қонақтар алаң иелерінің қақпасына бес шайба соқты. Кейін «Кармет» басымдығын сақтап, жеңіске жетті және турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын қайтарып алды. «Сары-қаралар» сапында Никита Рублёв дубль жасады. Алаң иелері қатарында Әлихан Бақыт екі гол соқты.

«Алматы» - «Кармет» 4:6 (2:5, 0:0, 2:1)

0:1 - 01:17 - Рублёв (Стариненко, Қалкабек)

1:1 - 05:11 - Бурнашов (Болат) ГБ

1:2 - 10:32 - Сторчак (Ольденбургер, Қалкабек) ГБ

1:3 - 10:46 - Нұрқанов

1:4 - 14:12 - Гареев (Губин, Нұрбеков) ГБ

2:4 - 15:31 - Бақыт (Катасонов, Татаринцев) ГБ

2:5 - 19:04 - Рублёв (Забурдяев, Нұрқанов)

2:6 - 49:38 - Винтовкин

3:6 - 52:34 - Катасонов (Юн, Деппершмидт)

4:6 - 58:38 - Бақыт (Бурнашов, Катасонов)

Қақпашылар: Павлов (Алибаев, 51:12-60:00) - Илларионов

«Арлан» елордадағы кездесуде ұпай еншілей алмады. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Богдан Дровосеков қатысты (1+2). Көкшетаулықтардың қақпашысы Михаил Байдек қақпаға бағытталған 50 соққыны қайтарғанымен, бұл командасына турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға көмектеспеді.

«Астана» - «Арлан» 4:2 (0:0, 2:0, 2:2)

1:0 - 21:25 - Дровосеков (Қыдырбай)

2:0 - 33:54 - Расевич (Невдах, Джаукпаров)

3:0 - 41:26 - Қыдырбай (Дровосеков) ГБ

3:1 - 43:30 - Тукин (Бесаев) ГБ

3:2 - 44:21 - Гусаров (Бесаев, Алборов)

4:2 - 45:04 - Валиханов (Дровосеков)

Қақпашылар: Есен - Байдек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.