Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
«Ақтөбе» (3) – «Алматы» (6)
Жеңістер/ұпайлар: 36/73 – 25/54.
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 174/153 – 170/135.
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Матфей Катасонов (68 ұпай, 34+34) – Арыстан Әмірқанов (65 ұпай, 30+35)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:4, 3:2, 4:2, 4:0.
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Матфей Катасонов (7 ұпай, 6+1) – Арыстан Әмірқанов (5 ұпай, 3+2)
Осы маусымдағы қарсыластар арасындағы барлық төрт кездесу Батыс Қазақстан ұжымының пайдасына шешілді, әрі аталған ойындардың барлығы негізгі уақытта аяқталды.
«Ақтөбе» тұрақты маусым қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленгеніне қарамастан, жіберілген шайбалар саны бойынша тек жетінші көрсеткішке ие. Бұл тұрғыда жағдайы тек кубоктік сегіздікті түйіндеген Астана мен плей-оффқа шыға алмаған тағы бес командада ғана төменірек болды.
Командалардың басты бомбардирлері Матфей Катасонов пен Арыстан Әмірқанов лиганың ең нәтижелі ойыншыларының топ-6 қатарына кіреді.
«Алматы» командасының өкілі Бекнұр Ырыс – қазіргі чемпионатта 40 (14+26) ұпай межесіне жеткен жалғыз қорғаушы. Ал «Ақтөбе» сапындағы Андрей Шпак қорғаушы-бомбардирлер арасында нәтижелілік бойынша төртінші орында (8+25).
Алматылық Александр Павлов қақпашылар арасында тойтарылған соққылар пайызы бойынша лиганың топ-4 қақпашысының қатарына енеді (91,7%).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr