«Ақтөбенің» бас бапкері команданың Jastar Ligasy-ның кезекті маусымындағы өнерін қорытындылады.
- Леонид Вадимович, өкінішке қарай, биыл команда үшін маусым өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда ерте аяқталды. Соған қарамастан, оң нәтиже ретінде атап өтуге болатын сәттер бар ма?
- Жалпы айтқанда, маусымға қойылған міндеттерді орындай алмадық. Тұрақты чемпионат жаман өткен жоқ, алайда плей-оффта ойынымыз көңіл көншітпеді. Дегенмен, команданың ауыр ойындарға қарамастан мінез көрсетіп, күш тауып, нәтижеге жете алғанын атап өту қажет. Жарақаттар мен түрлі зақымдарға қарамастан, жігіттер мұз айдынына шығып, өз жұмыстарын атқарды. Бізді айшықтайтын – мінез.
- «Сәтсіз өткен матчтарда жеңілістердің басты себебі не болды – физикалық дайындық па, әлде психологиялық факторлар ма?»
- Әрқалай болды. Кейбір матчтарда физикалық күш жетіспеді, ал кейбірінде жігіттер психологиялық тұрғыдан әлсіреп қалды. Кей жерлерде осы екі фактор да әсер етті.
- Осы маусымдағы қай матчты мінсіз немесе соған жақын ойын деп атар едіңіз?
- Шынымды айтсам, бірден нақты бір ойынды атап айту қиын. Меніңше, ондай матчтар бізде аз болған жоқ. Мысалы, «Торпедоға» қарсы Кубоктің жартылай финалындағы ойын, сондай-ақ оларға қарсы өз алаңымыздағы матчтар. «Жас-Батырмен» өткен үйдегі кездесулер, әсіресе екінші ойын. «Карметке» қарсы да өте жақсы ойнадық.
- Жаңа маусым бойынша қандай да бір ойлар бар ма?
- Қазірдің өзінде селекциялық жұмыстарды бастап кеттік. Жасы үлкенірек жігіттерден бөлек, Академиядағы 2010 жылы туған ойыншыларды да қарап жатырмыз. Олар осы маусымда жастар құрамасына қосыла алады. Оларды бақылап, қарап шығып, кейін команданың қатарына кімді алу керектігі жөнінде шешім қабылдаймыз.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr