Жұма күні Қазақстан жастар чемпионатында екі кездесу жоспарланған.
«Жас Батыр» «Құлагердің» қарсылығын еңсеріп, төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Атыраулықтар төрт шайбаның екеуін сан басымдығы кезінде соқты. Жеңіс голының авторы Айтуған Секербай атанды. Қонақтардың қақпашысы Дулат Еркінов 29 соққыны қайтарды.
«Құлагер» - «Жас Батыр» 2:4 (0:2, 2:1, 0:1)
0:1 - 02:04 - Польский
0:2 - 17:45 - Чокпаров (Забурдяев, Секербай) ГБ
0:3 - 23:18 - Секербай (Бабешко, Прохоров) ГБ
1:3 - 27:20 - Кудьяров (Черней, Скляр)
2:3 - 38:19 - Тузов (Седов)
2:4 - 59:25 - Забурдяев (Бағытжанов) ПВ
Қақпашылар: Гиганов - Еркінов
«Алматы» тұрақты чемпионаттағы аралық көшбасшылық үшін күресін жалғастыруда. Оңтүстік астаналық команда Көкшетауда «Арланды» жеңіп, қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Қонақтар сапында Эмир Рузбакиев дубль жасаса, Иван Ивановский үш нәтижелі пас берді.
«Арлан» - «Алматы» 2:6 (0:2, 1:2, 1:2)
0:1 - 02:33 - Бакыт (Болат, Катасонов)
0:2 - 10:35 - Рузбакиев (Ивановский, Татаринцев)
0:3 - 24:38 - Рузбакиев (Ивановский, Бубликов)
0:4 - 29:15 - Бубликов (Ивановский, Деппершмидт)
1:4 - 33:56 - Байков (Алборов) ГБ
1:5 - 40:52 - Токтасынов
2:5 - 50:03 - Алборов (Дархан, Гусаров)
2:6 - 54:31 - Катасонов (Татаринцев, Бакыт) ГБ
Қақпашылар: Аминов - Павлов (Колесник, 49:52-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Almaty
Barys
Torpedo
Sunqar