Алматы Көкшетаудан 4 ұпаймен оралды, Торпедо мен Астана ірі жеңістерге жетті

10 qazan
135

Көкшетау, Рудный және Астана қалаларында өткен Jastar Ligasy матчтарына шолу жасаймыз.

«Арлан» мен «Алматы» арасындағы қарымта кездесу де оңтүстік астаналық команданың басымдығымен өтті. Бір қызығы, үш кезеңнің барлығы бірдей есеппен аяқталды. Қонақтар сапында Константин Юн хет-трик жасаса, Павел Татаринцев дубль авторы атанды. Әлихан Бақыт командаластарына үш нәтижелі пас берді. Алаң иелері сапында Батраз Алборов екі шайба соқты.

«Арлан» - «Алматы» 2:6 (1:2, 1:2, 0:2)

0:1 - 10:00 - Татаринцев

0:2 - 16:06 - Юн (Бакыт, Снытин)

1:2 - 19:16 - Алборов (Бесаев)

1:3 - 22:23 - Татаринцев (Отоудинов, Бубликов)

2:3 - 26:25 - Алборов (Гебель, Тукин)

2:4 - 32:44 - Деппершмидт

2:5 - 44:41 - Юн (Деппершмидт, Бакыт)

2:6 - 56:29 - Юн (Бақыт, Киялов)

Қақпашылар: Байдек (Аминов, 32:44-60:00) - Павлов

«Торпедо» нәтижелі өткен түздегі матчта «Горнякты» жеңді. Өскемендік команда сапында Руслан Пальмтаг пен Иван Сергиенко дубль жасады. Рудныйлықтардың барлық нәтижелі шабуылдарына Эдуард Логинов қатысты.

«Горняк» - «Торпедо» 3:8 (1:2, 2:1, 0:5)

0:1 - 08:19 - Пальмтаг (Белоусов, Кентаев)

0:2 - 12:48 - Сергиенко (Ергешев, Барбанаков) ГБ

1:2 - 15:29 - Пикулев (Логинов)

1:3 - 24:23 - Пальмтаг (Белоусов, Худяков)

2:3 - 27:03 - Логинов (Меньшенин, Лаюров) ГБ

3:3 - 27:27 - Логинов (Еропутов, Пикулев)

3:4 - 47:45 - Сергиенко (Бондарев, Родионов)

3:5 - 52:17 - Кентаев (Худяков)

3:6 - 52:28 - Ергешев (Кокижанов, Бондарев)

3:7 - 53:28 - Габазов (Джунусов, Родионов)

3:8 - 59:11 - Кокижанов (Кабдуалиев, Дегтярев)

Қақпашылар: Лаюров - Грохотов (Осенин, 56:42-60:00)

«Астана» «Ақтөбеге» еш мүмкіндік қалдырмады. Георгий Невдах пен Абдуррахим Қыдырбай батысқазақстандық қарсыластардың қақпасына екі шайбадан соқты. Қонақтар сапында Алексей Артамонов командасының жалғыз шайбасын соғып, есеп айырмасын қысқартты.

«Астана» - «Ақтөбе» 6:1 (1:0, 2:0, 3:1)

1:0 - 14:50 - Қыдырбай (Жұмаділдинов)

2:0 - 24:59 - Сарсикеев (Шевченко, Қыдырбай) ГБ

3:0 - 34:19 - Невдах (Аяпбергенов, Расевич)

3:1 - 41:03 - Артамонов (Потапов, Петрученя)

4:1 - 42:34 - Смаганбет (Валиханов, Бутаков)

5:1 - 52:52 - Қыдырбай (Дровосеков, Шевченко) ГБ

6:1 - 53:09 - Невдах (Расевич, Аяпбергенов)

Қақпашылар: Есен - Сапаргалиев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.