Әлихан Бақыт – Қазақстан жастар чемпионатының бесінші аптасының үздік ойыншысы

12 qazan
55

Назарларыңызға Jastar Ligasy-ндағы кезекті аптаның басты қаһарманын ұсынамыз.

«Алматы» чемпионаттағы аралық бірінші орын үшін тартысқа шындап кірісті. Өткен аптада оңтүстік астаналық команда елдің солтүстігіне жасаған сапарында қатарынан 4 жеңіске жетті. Әлихан Бақыт осы кездесулердің барлығында нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. Оның еншісінде 4 гол мен 7 нәтижелі пас бар, ал пайдалылық көрсеткіші +8-ді құрады. Хоккейші өз соққыларының 25%-ын голға айналдырды. Жалпы шабуылшы қатарынан 6 кездесуде ұпай жинап, маусымның үздік бомбардирлері арасында алғашқы бестікке еніп отыр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.