Қазақстан жастар чемпионатында сәрсенбі күні екі кездесу жоспарланған.
«Карметтің» жеңісті сериясы 14 матчтан кейін үзілді. Бүгін Максим Худяковтың шәкірттері түзде «Алматыға» жол берді. Матчтың басты қаһармандары хет-трик авторы атанған Матфей Катасонов пен қақпаға бағытталған 48 соққыны қайтарған алаң иелерінің қақпашысы Александр Павлов болды. Әлихан Бақыт үш нәтижелі шабуылға қатысты (1+2).Осы жеңістен кейін оңтүстік астананың командасы жинаған ұпай саны бойынша «Карметпен» теңесті. Екі команда да тұрақты чемпионаттағы өнерін 28 ұпаймен жалғастырып жатыр.
«Алматы» - «Кармет» 5:2 (2:0, 2:1, 1:1)
1:0 - 14:26 - Катасонов (Болат, Мейірман)
2:0 - 15:44 - Бақыт (Марат, Юн)
3:0 - 26:11 - Мейірман (Бақыт) ГБ
3:1 - 32:40 - Қалқабек (Стариненко)
4:1 - 37:44 - Катасонов (Бақыт, Татаринцев) ГБ
5:1 - 57:21 - Катасонов (Марат) ПВ
5:2 - 58:25 - Быков
Қақпашылар: Павлов - Илларионов
«Астана» «Арланды» сенімді түрде жеңіп, жинаған ұпай саны бойынша көкшетаулықтарды басып озды. Елордалықтарға жеңіс сыйлаған Богдан Дровосеков хет-трик жасаса, Георгий Невдах пен Абдуррахим Қыдырбай дубль авторлары атанды. Қонақтар сапында Тимур Бесаев екі гол соқты.
«Астана» - «Арлан» 8:3 (3:0, 3:2, 2:1)
1:0 - 05:19 - Дровосеков (Қыдырбай, Жұмаділдинов)
2:0 - 10:49 - Невдах (Әділгереев)
3:0 - 13:55 - Қыдырбай (Дровосеков, Шевченко) ГБ
4:0 - 22:12 - Невдах (Кыдырбай)
5:0 - 27:33 - Жұмаділдинов (Әділгереев, Невдах) ГБ
5:1 - 29:59 - Бесаев (Алборов, Гусаров)
5:2 - 30:46 - Бесаев (Гусаров, Байков)
6:2 - 39:24 - Қыдырбай ГМ
7:2 - 49:54 - Дровосеков (Жұмаділдинов)
8:2 - 51:56 - Дровосеков (Смаганбет)
8:3 - 58:57 - Гебель (Валеев, Белоусов)
Қақпашылар: Есен (Теплов, 54:17-60:00) - Аминов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Almaty
Barys
Torpedo
Sunqar