Көш бастаған Кармет, сенімді ойын көрсеткен Барыс, Алматы үздік үштікте. Jastar Ligasy-ның қазан айындағы қорытындысы

31 qazan
79

Қазақстан жастар чемпионатындағы екінші ойын айының қорытындысы бойынша турнир кестесіндегі жағдайды саралаймыз.

«Кармет» турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Дегенмен өткен айда «сары-қаралар» қатарынан 14 матчқа созылған жеңісті сериясын үзді. Максим Худяков шәкірттері 18 кездесуден кейін 32 ұпай жинап, қазіргі чемпионаттың ең нәтижелі командасы болып отыр (қарсыластар қақпасына 110 шайба соққан).

Ал «Барыс» қазан айын тамаша өткізді – елордалық ұжым 8 матчтың барлығында жеңіске жетті. Қазіргі таңда Ринат Омарбеков шәкірттері жоғалтқан ұпай саны бойынша лигада көш бастап тұр – 16 ойыннан кейін 30 ұпай жинаған. Сонымен қатар жас «барыстардың» еншісінде небәрі 18 шайба жіберіп алу көрсеткіші бар. Бұл – чемпионаттағы үздік нәтиже.

«Алматы» көшбасшылар үштігіндегі орнын сақтап қалды. Алайда ойын кезеңінің соңында оңтүстік астаналық команда басты бәсекелестері «Кармет» пен «Барысқа» қарсы кездесулерде бір-ақ рет жеңіске жетті. Нәтижесінде 18 матчтан кейін 28 ұпай жинады.

Үздік үштікке қосылуға «Торпедо» (26 ұпай), «Сұңқар» (25) және «Жас Батыр» (23) командаларының да мүмкіндігі бар.

«Мұнайшы» қазан айында жеңістер бағанындағы нөлді алып тастағанымен, павлодарлықтар әзірге небәрі 2 ұпай жинады. Ал плей-офф аймағына дейінгі ұпай айырмашылығы 14-ке жетті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.