Қазан айының үздік ойыншылары

1 qarasha
94

Jastar Ligasy-ндағы екінші ойын айының қорытындысын шығарамыз.

Үздік ойыншылар ресми статистикалық деректер негізінде, әр амплуадағы хоккейшілердің ойын ерекшеліктері ескеріле отырып анықталды. Мәселен, біздің рейтингте қақпашылар жеңістерінің саны мен пайызы, сондай-ақ сенімділік коэффициенті және қайтарылған соққылардың пайызы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады. Қорғаушылар мен шабуылшылардың рейтингі олардың нәтижелілігі, пайдалылық көрсеткіші және айып минуттары негізінде жасалады. Командалық нәтижелер де назарға алынады. Кейбір көрсеткіштер тең болған жағдайда турнирлік кестеде жоғары тұрған немесе өткен айда жақсы нәтиже көрсеткен команданың ойыншысына басымдық беріледі.

Үздік қақпашы – Леонид Кравцов («Барыс»)

«Барыстың» қазан айын жеңіліссіз аяқтауына елеулі үлес қосқан ойыншылардың бірі – Леонид Кравцов. Ол 6 кездесуде мұз айдынына шығып, командасы сол ойындардың барлығында сенімді жеңіске жетті. Қақпашы әр матчта орта есеппен небәрі 1,26 шайба жіберіп, соққылардың 95,27%-ын қайтарды. Сонымен қатар оның еншісінде бір нәтижелі пас бар.

Үздік қорғаушы – Богдан Дровосеков («Астана»)

Богдан Дровосеков екінші ай қатарынан өз амплуасындағы үздік ойыншы атанды. Қазан айында ол әр матчта орта есеппен 2 ұпай жинап, плей-офф аймағына нық орныққан командасының екінші үздік бомбардирі болды. Богданның еншісінде 5 шайба және 7 нәтижелі пас бар, ал пайдалылық көрсеткіші +12-ні құрады. Кездесулердің бірінде қорғаушы хет-трик жасады.

Үздік шабуылшы – Тамерлан Тілеубаев («Барыс»)

Тамерлан Тілеубаев – қазан айында 20 (10+10) ұпай межесіне жеткен чемпионаттағы жалғыз ойыншы. Шабуылшы ай ішіндегі 8 кездесудің барлығында нәтижелі әрекеттерімен көзге түсіп, бір рет хет-трик жасады. Сонымен қатар 7 матчта екі және одан да көп ұпай жинады. Жалпы, оның қатарынан ұпай жинаған ойындар сериясы 10 матчқа жетті. Тілеубаевтың пайдалылық көрсеткіші +19, ал соққыларды жүзеге асыру пайызы 32,26%-ды құрады.


Қыркүйек айының үздік ойыншылары

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.