​Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген құрамы белгілі болды

3 jeltoqsan
1441

Қазақстан жастар құрамасы Александр Истоминнің жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласында қорытынды жаттығуды өткізіп, 4 желтоқсан күні Данияға жетеді.

Онда IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық жиындарын өткізеді. Команда Эсбьорг және Оденсе қалаларында жергілікті жас ұжымдармен екі бақылау матчтын ойнайды. 11 желтоқсанда Херсхольмге жетіп, 12 күні Венгрияға қарсы алғашқы матчын өткізеді.

Ұшар алдында бапкерлер штабы мен Қазақстан хоккей федерациясының басшылығы жиын өткізді. Бас менеджер Александр Корешков хоккейшілерімізге табыс тілеп, бірінші орынды иеленіп, жастар хоккейінің топ-дивизионына шығуды міндеттеді.

Әлем чемпионаты алдындағы ОЖЖ-ға Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы – 28 адам аттанады, ал 11 желтоқсан күні бапкерлер штабы қорытынды құрамды жария етеді, турнирге 23 ойыншы кетеді. Команданың Данияға аттанатын кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Номад»), Максим Павленко, Роман Шефер (екеуі де – «Снежные барсы»)

Қорғаушылар: Али Алибек, Дмитрий Бреус, Хакназар Кенесбай, Кирилл Никитин, Эдуард Шетле, Абылайхан Сулейменов, Владислав Комаров (барлығы – «Снежные барсы») Иван Гавриленко («Торпедо»)

Шабуылшылар: Динмухамед Кайыржан, Ансар Шайхмедденов (екеуі де – «Барыс»), Станислав Александров («Номад»), Роман Ермак, Али Касенов, Дмитрий Колодюк, Всеволод Логвин, Абай Мангисбаев, Батыр Маркабаев, Константин Морожников, Алдияр Нурлан, Руслан Оспанов, Динмухамед Сапарбек, Николай Шульга, Даниил Цыбин (барлығы – «Снежные барсы») Диас Тютюньков, Ян Тютюньков (екеуі де – «Торпедо»)