Қазақстан жастар чемпионатының топ-4 қақпашысы

17 qańtar
2866

Командалар ұзаққа созылған демалыстан шығуға дайындалып жатқан тұста назарларыңызға қазіргі таңда әртүрлі амплуадағы Jastar Ligasy-ның үздік ойыншыларын ұсынамыз.

Чемпионаттың тойтарылған соққылар пайызы бойынша үздік қақпашысы Даниил Кудимов (94,9%) болды. «Астана» өкіліне әрбір жекпе-жекте тер төгуге тура келеді. Жалпы алғанда, Кудимов 26 ойынның нәтижесі бойынша 652 соққының 619-ына тойтарыс берді және қоржынында екі құрғақ жеңіс бар. «Елордалықтардың» әлі де плей-офф аймағында жүргені де көбіне көп голкиперінің арқасы.

Ағымдағы чемпионаттың ең үздік сенімділік коэффициенті «Барыстағы» Артём Шестаковқа тиесілі (СК – 2). Қақпашы өз командасы матчтарының тең жартысында ойнап (15), 12 рет жеңіске жетті, төрт рет Артём мұздан шайба өткізбеген күйі кетті. Шестаковтың пассивінде барлығы 27 өткізілген шайба бар. «Барыс» бұл ретте Лиганың турнир кестесінде сенімді түрде бірінші орынды иеленіп келеді.

Илья Костюков («Ақтөбе») пен Владимир Никитин («Барыс-Жас») 16 жекпе-жектен жеңді. Қазіргі таңда бұл маусымдағы үздік көрсеткіш болып отыр. Бұл ретте батысқазақстандық клубтың өкілі – 30 матчта, ал елордалық ұжымның ойыншысы 23 матчта ойнады. Сүйсінерлігі, Костюков сондай-ақ Лигада ойын уақытының саны бойынша екінші орынды иеленіп келеді. Ол мұзда 1600 минут және 42 секунд өткізді.