Бейсенбі қазақстандық хоккейсүйер қауым Қазақстан жастар чемпионаты аясында бірден алты матч тамашалайды.
«Мұнайшы» «Астанаға» тағы да төтеп бере алмады. «Елордалықтар» әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Жанболат Бекеев пен Әділ Бейсембаев өз есебіне екі голды жазды.
«Астана» - «Мұнайшы» 6:1 (2:0, 2:1, 2:0)
1:0 - 04:54 - Бекеев (Бондарев, Чумак)
2:0 - 05:35 - Аманжолов (Бондарев, Амангалиев)
3:0 - 22:07 - Бейсембаев (Сатемиров, Еркинов)
3:1 - 23:09 - Абенов (Мальцев, Лариков) ГБ
4:1 - 37:05 - Бекеев (Аманжолов, Бондарев)
5:1 - 40:26 - Бейсембаев (Оразов)
6:1 - 57:28 - Пашковский (Мурсалов)
Қақпашылар: Габдуллин - Фриауф
«Горняк» өз алаңындағы матчта «торпедолықтардың» қақпасына бір де бір шайба дарыта алмады. Қонақтар өз сәттерін іске асыруда асқан ұқыптылық танытып, сенімді түрде жеңіске жетті. Өскемендіктердің қақпашысы Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.
«Горняк» - «Торпедо» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)
0:1 - 18:14 - Стальмаков (Астраханцев, Рысбеков)
0:2 - 22:21 - Киселёв (Чалкин, Ромашкин)
0:3 - 51:18 - Астраханцев (Хан, Стальмаков)
0:4 - 59:58 - Рысбеков
Қақпашылар: Лигай - Эрштейн
«Ястребы» «Қыранмен» кездесудің үшінші кезеңін екпіндетіп өткізіп, сенімді түрде жеңіске жетті. Екі дөп соққы Матвей Шелеховтің қоржынында. Бір қызығы, Шелехов есеп ашып, ойынның соңғы шайбасын да салды. Екі балының арқасында оралдықтар турнир кестесінің төртінші қатарына шықты.
«Қыран» - «Ястребы» 2:5 (0:1, 2:1, 0:3)
0:1 - 06:09 - Шелехов (Буланов) ГБ
1:1 - 24:00 - Божко (Сторчай)
1:2 - 30:20 - Чупин (Бастаногов, Рахимов)
2:2 - 32:43 - Еськов (Алламов, Божко) ГБ
2:3 - 47:24 - Акпирганов (Шелехов, Сауриков)
2:4 - 57:31 - Буланов (Сауриков, Шелехов)
2:5 - 59:59 - Шелехов (Свинтальский, Васильев) ПВ
Қақпашылар: Дубович - Какенов
«Барыс» пен «Жас Батырдың» Астанадағы алғашқы кездесуінде алаң иелері жеңіске жетті. Бұл ретте атыраулықтар қарсыластың қақпасын аша алмады. «Барыстың» қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.
«Барыс» - «Жас Батыр» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 34:29 - Канкин (Жусупбеков, Левковец)
2:0 - 52:20 - Абдулла (Масен)
3:0 - 59:59 - Леута (Истомин)
Қақпашылар: Истомин - Ваганян
«Арлан» нәтижелі текетіресте «Барыс-Жасты» жеңді. Чемпионаттың ең жас ұжымы ойынның соңында қарсыласты біршама терлетті, алайда көкшетаулықтар дегенмен өз дегендеріне жетті. Жеңімпаздар құрамынан дубльді Артём Елагин жасады. «Көкшеліктер» плей-офф жолындағы жорықтан шығып қалмады.
«Арлан» - «Барыс-Жас» 6:4 (2:1, 4:0, 0:3)
1:0 - 08:19 - Елагин (Кабдуали, Аипов)
1:1 - 14:40 - Шипилин (Перкин) ГМ
2:1 - 16:18 - Елагин (Емельянов, Аипов) ГБ
3:1 - 25:17 - Мажикенов (Кабдуали, Елагин)
4:1 - 32:13 - Кабатаев (Ливеринов, Бейсембиев)
5:1 - 32:57 - Аипов (Артемьев, Тусупбеков)
6:1 - 36:55 - Тусупбеков (Аипов, Кабатаев) ГМ
6:2 - 46:04 - Алибек ГБ
6:3 - 49:12 - Кажибеков (Шипилин, Гафуров)
6:4 - 57:28 - Демеу ШБ
Қақпашылар: Дударкиев (Терехов, 41:47-60:00) - Толеубай (Лаюров, 31:54-58:10)
«Алматы» көпшілік күтпеген жерден түзде чемпионат көшбасшысы «Ақтөбені» жеңіп кетті. Қонақтар құрамынан дубльдің авторы екі ретте де артық құрам ұйымдастырған Павел Неумывакин болды. Оңтүстікастаналық команда қақпашысы Алексей Байдек қақпаға бағытталған 51 соққыға тойтарыс беріп, жекпе-жектің басты қаһарманы атанды.
«Ақтөбе» - «Алматы» 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)
0:1 - 00:34 - Айткалиев (Бауэр, Зяблов)
0:2 - 16:29 - Неумывакин (Бауэр, Айткалиев) ГБ
1:2 - 21:42 - Калиниченко (Цихоцкий)
1:3 - 44:06 - Неумывакин (Бауэр) ГБ
1:4 - 46:30 - Зяблов
2:4 - 58:29 - Мозжерин (Шайкенов, Комиссаров)
Қақпашылар: Костюков (Шарипов, 46:30-60:00) - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.