Қазан айының үздік ойыншылары

2 qarasha
738

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатындағы екінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Джохар Дударкиев («Жас Батыр»)

Соңғы шептегі Дударкиевтің сенімді ойыны көбіне-көп «Жас Батырдың» алаң ойыншыларына өздерін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Қазан айында Дударкиев алты матчтың алтауын жеңіп, орта есеппен 1,17 шайба өткізді. Тойтарылған соққылар пайызы 95,57 құрайды.

Үздік қорғаушы – Марк Поленов («Ақтөбе»)

Поленов өзінің жастар кезеңіндегі үздік шағын өткізуде. Биылғы чемпионаттың 14 матчы ішінде ол өткен жылғы тұрақты чемпионаттағы ұпай санын жинап үлгерді. Қазан айында Марк жеті кездесудің бесеуінде (4+8) балл жинап, пайдалылық көрсеткіші +7 құрайды. Бір қызығы, Поленов тең құрамдағы стандартты ойын ситуацияларынан бөлек, артық құраммен және кем құраммен бір шайбадан салды.

Үздік шабуылшы – Филипп Папшев («Жас Батыр»)

Бұл аталымға «Жас Батырдың» кез келген форварды лайық еді. Алайда Папшев қазан айында соққыларды іске асырудың өте жоғары пайызымен (27,78) көзге түсті. Филипптің әрбір төртінші талпынысы голға айналып отырды. Өткен айдың сегіз матчында шабуылшы +13 пайдалылық көрсеткішімен 19 (10+9) балл жинады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.