​Қазақстан жастар құрамасының жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

11 jeltoqsan
1870

Қазақстан жастар құрамасы Александр Истоминнің жетекшілігімен Данияда дайындық жиындарын өткізді.

12 желтоқсан күні Венгрия құрамасына қарсы бірінші дивизионның А тобында жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы матчын өткізеді. Бапкерлер штабы алдағы біріншілікке қатысатын құрамды жария етті, өтінімде 23хоккейші – 20 алаң ойыншысы және3 қақпашы.

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Номад»), Максим Павленко, Роман Шефер (екеуі де–«Снежные барсы»)

Қорғаушылар: Али Алибек, Дмитрий Бреус, Хакназар Кенесбай, Эдуард Шетле, Абылайхан Сулейменов, Владислав Комаров (барлығы– «Снежные барсы») Иван Гавриленко («Торпедо»)

Шабуылшылар: Динмухамед Кайыржан, Ансар Шайхмедденов (екеуі де – «Барыс»), Станислав Александров («Номад»), Роман Ермак, Али Касенов, Дмитрий Колодюк, Всеволод Логвин, Абай Мангисбаев, Константин Морожников, Алдияр Нурлан, Руслан Оспанов, Николай Шульга, Даниил Цыбин (барлығы – «Снежные барсы»)

Жастар арасындағы әлем чемпионатының барлық матчтарын Insport телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ көрсетілімдер онлайн алаңдарда қолжетімді болады.