Торпедо Горнякты ойсырата жеңді

24 qazan
71

Jastar Ligasy-ндағы екі апталық үзіліс алдында Өскеменде тағы бір матч өтті.

«Торпедо» өз айдынында «Горнякқа» тағы да мүмкіндік бермей, қарсыласын ірі есеппен жеңді. Алаң иелері әр кезеңде төрт шайбадан соқты. Роман Худяков хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. Данил Челюк те 4 (1+3) ұпай жинады. Иван Сергиенконың еншісінде дубль бар. Рудныйлықтар сапынан Евгений Еропутов бір гол соқты. Өскемендіктер үзіліске турнир кестесінің төртінші орнынан аттанса, «Горняк» 11-ші сатыда орналасқан.

«Торпедо» - «Горняк» 12:1 (4:0, 4:0, 4:1)

1:0 - 03:49 - Челюк (Трегубов)

2:0 - 11:11 - Якушкин (Пальмтаг, Белоусов) ГБ

3:0 - 11:49 - Родионов (Барбанаков, Бекполтинов)

4:0 - 13:43 - Габазов (Карпов) ГМ

5:0 - 25:46 - Домрачев

6:0 - 30:15 - Сергиенко (Габазов) ГМ

7:0 - 35:49 - Украинцев (Челюк, Худяков) ГБ

8:0 - 36:48 - Ергешев (Якушкин, Домрачев) ГБ

8:1 - 47:36 - Еропутов (Пикулев) ГБ

9:1 - 47:55 - Худяков (Карпов, Челюк)

10:1 - 57:02 - Сергиенко (Барбанаков, Габазов)

11:1 - 57:10 - Худяков (Трегубов)

12:1 - 58:59 - Худяков (Челюк, Сергиенко) ГБ

Қақпашылар: Грохотов - Лаюров


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.