Қазақстан жастар чемпионатындағы қарбалас жұма күні төрт матч өтті.

«Алматы» мен «Барыс» арасындағы қарымта кездесуде тағы да астаналық ұжым басым түсіп, тұрақты чемпионат көшбасшысы «Карметтен» ұпай айырмасын екі ұпайға дейін қысқартты. Қонақтар сапында Тамерлан Тілеубаев, Әділхан Саттар, Кирилл Крутский, Кирилл Задорожный және Әлішер Аманғалиев мергендік есептерін толықтырды. Алаң иелері сапында Константин Юн гол соғып, сан басымдығын сәтті пайдаланды. Оңтүстік астананың командасы үзіліске турнир кестесінің аралық үшінші орнында аттанады.
«Алматы» - «Барыс» 1:5 (0:2, 1:1, 0:2)
0:1 - 11:43 - Тілеубаев (Саттар)
0:2 - 15:40 - Саттар (Айтмағамбетов, Тілеубаев) ГБ
1:2 - 29:45 - Юн (Катасонов, Татаринцев) ГБ
1:3 - 32:08 - Крутский (Аманғалиев)
1:4 - 48:33 - Задорожный (Кубатаев, Мукашев)
1:5 - 50:19 - Аманғалиев (Харченко)
Қақпашылар: Әлібаев - Кравцов (Кучковский, 53:40-60:00)

«Торпедо» өз айдынында өткен нәтижелі матчта «Горнякты» жеңді. Алаң иелері сапында Руслан Пальмтаг, Данил Челюк (1+2) және Алексей Трегубов (0+3) үш ұпайдан жинады. Рудныйлықтар құрамында Евгений Еропутов дубль авторы атанса, Эдуард Логинов серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.
«Торпедо» - «Горняк» 7:3 (3:1, 1:2, 3:0)
1:0 - 05:39 - Украинцев (Трегубов, Челюк) ГБ
1:1 - 06:11 - Еропутов (Бобылев, Логинов)
2:1 - 08:30 - Худяков (Трегубов)
3:1 - 08:56 - Сергиенко (Барбанаков, Бекполтинов)
4:1 - 33:04 - Челюк ГБ
4:2 - 35:30 - Еропутов (Пикулев, Логинов) ГБ
4:3 - 38:12 - Шевченко (Логинов, Бобылев) ГБ
5:3 - 42:54 - Пальмтаг (Челюк, Трегубов)
6:3 - 44:40 - Кентаев (Пальмтаг)
7:3 - 58:54 - Пальмтаг (Якушкин, Белоусов)
Қақпашылар: Зиновьев - Лаюров

«Жас Батыр» мен «Құлагер» арасындағы кездесу тек буллиттер сериясында аяқталды. Негізгі уақытта қарсыластар Никита Польский мен Мирас Серікболатовтың голдарымен алмасты. Буллиттер сериясында дәл соққы жасаған Айтуған Секербай атыраулықтарға жеңіс әкелді. Дулат Еркінов 22 сейв жасады. «Жас Батыр» үзіліске турнир кестесінің алтыншы сатысында аттанады. Петропавлдықтар плей-офф аймағынан екі ұпайға қалып отыр.
«Жас Батыр» - «Құлагер» 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 21:29 - Польский (Бағытжанов)
1:1 - 31:14 - Серікболатов (Илияс, Круглов)
2:1 - 65:00 - Секербай ПБ
Қақпашылар: Еркінов - Валентюкевич

«Ақтөбе» мен «Сұңқар» арасындағы екінші кездесу де кешегі матчтағыдай есеппен аяқталды. Қонақтарға жеңісті үшінші кезеңдегі нәтижелі ойын әкелді. Кирилл Костенко мен Артём Чудинович қарсыластар қақпасын екі реттен дәл көздеді. Алаң иелері сапында Елдос Каденов екі гол соқты. Оралдықтар төрт ұпай еншілеп, кем дегенде ертеңгі кешке дейін турнир кестесінің үздік төрттігіне енді.
«Ақтөбе» - «Сұңқар» 3:6 (1:1, 1:1, 1:4)
1:0 - 09:34 - Каденов (Жұмажан, Потапов) ГБ
1:1 - 19:34 - Крицин
1:2 - 30:28 - Костенко (Черников, Крицин)
2:2 - 33:59 - Потапов (Артамонов, Зубарев)
2:3 - 43:30 - Маликов (Костенко, Феоктистов)
3:3 - 50:22 - Каденов (Алиев)
3:4 - 50:50 - Костенко (Феоктистов, Маликов)
3:5 - 57:36 - Чудинович (Әуезбай, Михеев)
3:6 - 58:36 - Чудинович ПВ
Қақпашылар: Сапарғалиев - Яговкин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar