11 қарашадағы матчтарға шолу

11 qarasha
803

Сәрсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатының аясында бес кездесу өтеді.

(12:00) "Қыран" Өскеменде кешегі жеңілісі үшін «Торпедодан» қарымта қайтаруға тырысады.

(13:00) "Мұнайшы" өз алаңында екінші рет «Барыс»Жасты» қабылдайды.

(17:00) Көкшетауда "Арлан" мен "Горняк" кездеседі.

(17:00) Турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Құлагер» елордада «Барыспен» ойнайды.

(17:00) Елордалық келесі ұжым «Астана» өз алаңында оралдық «Ястребы» командасын қарсы алады.

Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.