Жастар командалары арасындағы Қазақстан кубогін тағы да үш қала қабылдайды

22 shilde
1002

2025 жылғы Jastar Hokei Ligasy Кубогінің өту күндері мен орындары белгілі болды.

Биыл жүлде үшін 11 ұжым, оның ішінде Лиганың жаңа мүшесі «Тұран Тайгерс» де тартысады. Барлық командалар өткен маусымның рейтингісіне сәйкес, үш топқа бөлінген. Турнир 31 тамызда басталады деп күтілуде.

Матчтары Астанада «Барыс» СК мұзайдынында (Қажымұқан к., 9) өтетін «А» тобында елдің қазіргі чемпионы «Астана», «Барыс», «Кармет» және «Горняк» ойнайды.

«В» тобының матчтары Оралда өтеді. «Сұңқардан» бөлек, мұнда «Ақтөбе» мен «Жас Батыр» өнер көрсетеді.

Өскемен «С» тобының жекпе-жектерін қабылдайды, онда «Торпедо», «Алматы», «Құлагер» мен «Туран Тайгерс» ойнайды.

Алдын ала раундтың қорытындысы бойынша Кубок үшін тартысты жалғастыратын командалардың төрттігі анықталады. Q1 іріктеліміне топ жеңімпаздарының ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен команда түседі. Сол тәртіппен Q2 және Q3 командалары орналастырылады. Q4 – өз тобының екіншісі болғандар арасындағы ең жоғары нәтижеге ие команда болады.

Топтардағы қатысушылар саны әртүрлі болғандықтан, А және С топтарындағы барлық командалар үшін соңғы орындарды иеленген қарсыластармен өткен матчтар есепке алынбайды. Сондықтан қорытынды ұпайлар мен салынған шайбаларды есептегенде бұл ойындар ескерілмейді.

Турнирдің финалдық бөлігі 6–7 қыркүйек күндері Өскемен қаласында өтеді. Еске сала кетейік, Jastar Hokei Ligasy Кубогының қазіргі иегері – «Торпедо» командасы.


Матчтар кестесі

31 тамыз, Жексенбі

13.00 BARYS – QARMET

13.00 ALMATY – TURAN TIGERS

17.00 GORNYAK –ASTANA

17.00 TORPEDO – QULAGER

1 қыркүйек, Дүйсенбі

17.00 ASTANA – QARMET

17.00 SUNQAR – JAS BATYR

17.00 TORPEDO – TURAN TIGERS

2 қыркүйек, Сейсенбі

19.00 GORNYAK – BARYS

19.00 AQTOBE – JAS BATYR

19.00 ALMATY – QULAGER

3 қыркүйек, Сәрсенбі

15.00 GORNYAK – QARMET

19.00 AQTOBE – SUNQAR

15.00 QULAGER – TURAN TIGERS

19.00 ASTANA – BARYS

19.00 TORPEDO – ALMATY

6 қыркүйек, Сенбі

13.00 Q1 – Q4

17.00 Q2 – Q3

7 қыркүйек, Жексенбі

17.00 S1 – S2 (финал)   


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.