Астана мен Өскеменде хоккейден ҚР жастар кубогі басталды.

«Барыс» пен «Кармет» тартысты да қызықты матч өткізіп, екі жақ та қауіпті шабуылдар жасап, қақпаларды кезекпен дәл көздеді. Алғашқыда алға бір команда шықса, артынша екіншісі таразы басын теңестіріп отырды. Ақыры матчтың соңына қарай астаналық ұжымның күші басым болып, олар финалдық сиренаға алты минут қалғанда жеңіс шайбасын соқты. «Барыс» сапында Данил Дронов, Алдияр Кабдуали және Тамерлан Тілеубаев дубльмен көзге түсті. Ал «сары-қаралар» құрамында Виталий Божко, Никита Рублёв және Тимофей Симонов екі-екі голдан салды.
«Барыс» - «Кармет» 7:6 (3:3, 1:2, 3:1)
1:0 - 03:08 - Тлеубаев (Шакенов)
1:1 - 06:54 - Рублёв (Степанов)
1:2 - 07:14 - Симонов (Вагнер, Божко)
2:2 - 08:02 - Дронов (Миндубаев)
3:2 - 08:27 - Кабдуали (Шакенов, Тлеубаев)
3:3 - 09:27 - Божко (Симонов, Алтухов)
4:3 - 22:36 - Шакенов (Тлеубаев) ГМ
4:4 - 24:36 - Рублёв (Давлетшин, Лигай) ГБ
4:5 - 35:47 - Божко (Нурканов М., Нурканов А.)
5:5 - 40:44 - Дронов (Канкин, Калелхан)
6:5 - 45:57 - Тлеубаев (Кабдуали, Шакенов)
7:5 - 53:57 - Кабдуали (Шакенов, Шарапов) ГМ
7:6 - 56:17 - Симонов (Степанов, Лигай)
Қақпашылар: Ряшин - Кудимов

Түркістандық «жолбарыстар» тарихындағы алғашқы шайбаның авторы – «Алматымен» матчтың алтыншы минутында көзге түскен Бекарыс Ержігіт. Алайда «Тұран» кездесуді жеңіспен аяқтай алмады. Оңтүстік астанадан келген тәжірибелі қарсыластар қарқынды ойынымен көзге түсіп, 37 мен 41-минут аралығында қонақтардың қақпасын үш рет дәл көздеді. Кубоктегі алғашқы голдарын Матвей Курносенко, Павел Татаринцев және Александр Югай салды.
«Алматы» - «Тұран Тайгерс» 3:2 (0:1, 2:0, 1:1)
0:1 - 05:57 - Ержигит (Габдулин)
1:1 - 36:28 - Курносенко (Татаринцев)
2:1 - 39:09 - Татаринцев (Ырыс, Югай)
3:1 - 40:47 - Югай (Татаринцев, Токтасынов)
3:2 - 43:20 - Нурлан (Саруарбек, Любченко)
Қақпашылар: Павлов - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar