Астана, Орал және Теміртауда өткен Jastar Ligasy матчтарына шолу жасаймыз.
«Барыс» Батыс Қазақстаннан келген «Ақтөбеге» еш мүмкіндік қалдырмай, қарсылас қақпасына жауапсыз сегіз шайба соқты. Нұрәлі Айтмағамбетов пен Святослав Харченко екі голдан соқты. Ал кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Артём Коротков (1+3) атанды. Арсений Кучковский 24 соққыны қайтарды.
«Барыс» - «Ақтөбе» 8:0 (1:0, 4:0, 3:0)
1:0 - 00:54 - Коротков (Тілеубаев, Кубатаев) ГБ
2:0 - 27:43 - Гафуров (Аманғалиев)
3:0 - 35:07 - Утеев
4:0 - 38:13 - Харченко (Задорожный, Гафуров)
5:0 - 39:04 - Айтмағамбетов (Коротков, Утеев) ГБ
6:0 - 41:51 - Тілеубаев (Айтмағамбетов, Коротков) ГБ
7:0 - 44:45 - Харченко (Аманғалиев, Гафуров)
8:0 - 53:11 - Айтмагамбетов (Коротков, Тілеубаев)
Қақпашылар: Кучковский - Сапарғалиев
Лиганың тағы бір көшбасшысы «Кармет» те қарсыласын қақпасына шайба жібермей, сенімді жеңіске жетті. Команда өз айдынында «Тұран Тайгерсті» ірі есеппен ұтты. «Сары-қаралар» сапында Александр Алтухов, Ильяс Даулетбек, Адам Стариненко, Jastar Ligasy-дағы алғашқы голын соққан Әділ Марат және Тимур Давлетшин мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Никита Рублёв пен Артём Кошеляев сан басымдығын сәтті пайдаланып, гол соқты.
«Кармет» - «Тұран Тайгерс» 7:0 (1:0, 4:0, 2:0)
1:0 - 16:25 - Алтухов (Дәулетбек, Винтовкин)
2:0 - 24:11 - Даулетбек (Саруарбек, Маринин)
3:0 - 26:19 - Стариненко (Қалқабек, Рублёв)
4:0 - 28:46 - Марат (Кошеляев, Забурдяев)
5:0 - 34:11 - Давлетшин (Сторчак)
6:0 - 56:55 - Рублёв (Нұрқанов М., Нұрқанов А.) ГБ
7:0 - 58:36 - Кошеляев (Айтқожа, Нұрқанов М.) ГБ
Қақпашылар: Илларионов (Золкин, 42:56-60:00) - Мельников
«Сұңқар» мен «Торпедо» жалпы он шайба соғылған нәтижелі кездесу өткізді. Бұл тартыста оралдықтар басым түсті. Алаң иелері сапында жеңіс шайбасының авторы Лев Крицин (1+2) мен Михаил Черников (0+3) үш ұпайдан еншіледі. Игнат Яговкин 39 соққыны қайтарды. Қонақтардың екі нәтижелі шабуылына Расул Кокижанов қатысты. Осы жеңістен кейін батысқазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша турнирлік кестеде Өскемен командасын басып озып, төртінші орынға көтерілді.
«Сұңқар» - «Торпедо» 6:4 (1:1, 2:2, 3:1)
0:1 - 06:28 - Кокижанов
1:1 - 14:10 - Богайчук (Михеев)
2:1 - 20:10 - Чудинович (Крицин, Черников)
2:2 - 32:53 - Украинцев (Челюк) ГБ
3:2 - 36:53 - Костенко (Әуезбай, Денисенко) ГБ
3:3 - 39:20 - Ботищев (Кокижанов)
4:3 - 44:21 - Стратинский (Черников, Крицин)
4:4 - 45:09 - Дегтярев (Ергешев, Ботищев)
5:4 - 50:21 - Крицин (Чудинович, Черников)
6:4 - 59:45 - Маликов (Жұмақан)
Қақпашылар: Яговкин - Грохотов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar