Сәрсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланған.
«Барыс» пен «Ақтөбе» арасындағы қарымта кездесу де елордалық хоккейшілердің басымдығымен өтті. Олар алғашқы кезеңнің өзінде есепте айтарлықтай басымдыққа ие болды. Алаң иелері сапында Тарлан Абдуллин мен Тамерлан Тілеубаев екі шайбадан соқты, ал Роман Лазаренко үш нәтижелі пас берді. Қонақтар сапында Нұрәділ Сахи жалғыз шайбаның авторы атанды.
«Барыс» - «Ақтөбе» 9:1 (4:0, 3:0, 2:1)
1:0 - 01:11 - Тілеубаев (Айтмағамбетов)
2:0 - 01:52 - Абдуллин (Толстунов)
3:0 - 02:21 - Задорожный (Лазаренко, Рахманин)
4:0 - 19:04 - Әміржанов (Задорожный, Рахманин)
5:0 - 30:47 - Кубатаев (Лазаренко, Утеев)
6:0 - 31:56 - Коротков (Тілеубаев)
7:0 - 38:26 - Тілеубаев (Коротков, Айтмағамбетов)
7:1 - 53:43 - Сахи (Қаршығаев, Жандосұлы)
8:1 - 54:42 - Аманғалиев (Задорожный, Харченко)
9:1 - 57:04 - Абдуллин (Лазаренко, Куминов)
Қақпашылар: Кравцов - Шпигун (Сапарғалиев, 02:21-60:00)
«Торпедо» Оралда тартысты кездесуде қарымта қайтарды. «Сұңқар» 0:4 есебінен кейін таразы басын теңестіруге шақ қалды, алайда қонақтар финалдық сиренаға дейін басымдығын сақтап қалды. Жеңіс шайбасының авторы Расул Кокижанов атанды.
«Сұңқар» - «Торпедо» 2:4 (0:2, 0:1, 2:1)
0:1 - 07:50 - Пальмтаг (Кентаев, Белоусов)
0:2 - 19:55 - Ботищев (Пальмтаг, Белоусов)
0:3 - 24:53 - Кокижанов (Ергешев, Павлюхин)
0:4 - 42:49 - Сергиенко (Габазов)
1:4 - 45:29 - Чудинович (Стратинский, Михеев)
2:4 - 49:55 - Макаринцев (Черников, Котов)
Қақпашылар: Камбаров - Грохотов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar