Астана мен Торпедо өз қарсыластарын ойсырата жеңді

31 tamyz
503

Астана мен Өскеменде хоккейден ҚР жастар кубогі басталды.

Қазіргі ел чемпионы «Астана» «Горнякты» тырп еткізбеді. Елордалықтар әрбір кезеңде үш шайбадан салып, өз қақпаларына шайба жуытпады. Александр Графкин мен Даниал Хидуанов дубль жасады, Айтуған Секербай (1+4) өз командасының бес нәтижелі шабуылына қатысты.

«Горняк» - «Астана» 0:9 (0:3, 0:3, 0:3)

0:1 - 17:03 - Хидуанов (Секербай)

0:2 - 17:24 - Дровосеков (Положухно, Қыдырбай)

0:3 - 18:24 - Сатемиров

0:4 - 26:36 - Графкин (Хидуанов, Секербай)

0:5 - 34:50 - Тагнер

0:6 - 36:02 - Графкин (Секербай)

0:7 - 53:06 - Секербай (Графкин, Қыдырбай)

0:8 - 56:15 - Абдрахманов

0:9 - 57:01 - Хидуанов (Секербай) ГБ

Қақпашылар: Шапошник - Есен

С тобының кешкі матчында «Торпедо» «Құлагерді» еш қиындықсыз жеңді. Өскемендіктер үшінші кезеңнің басына қарай шешуші есеп айырмашылығына қол жеткізіп, матчты жеңіспен аяқтады. Данил Челюк қарсыласты екі рет састырды, Артур Глухихтің есебінде нәтижелілік үшін 4 (1+3) балл бар.

«Торпедо» - «Құлагер» 7:1 (1:0, 3:0, 3:1)

1:0 - 03:58 - Карпов (Домрачев, Глухих)

2:0 - 22:01 - Ботищев (Худяков, Асанов)

3:0 - 31:09 - Манажанов (Ануфриев, Трегубов) ГБ

4:0 - 39:59 - Глухих (Челюк, Мерзликин)

5:0 - 41:23 - Челюк (Глухих, Мерзликин)

6:0 - 44:37 - Челюк (Глухих)

7:0 - 54:56 - Трегубов (Ануфриев, Мирошниченко)

7:1 - 57:05 - Телегин (Хусаинов) ГБ

Қақпашылар: Грохотов - Толеубай


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.