Jastar кубогінің үшінші ойын күнінің қорытындысы

2 qyrkúıek
542

Астанада, Орал мен Өскеменде Қазақстан жастар кубогінің ойындары жалғасуда.

«Барыс» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, рудныйлық қарсыластарын ойсырата жеңді. Хет-триктің авторы – Тамерлан Тілеубаев, екі реттен Данил Дронов, Жахангер Тілеухан мен Владимир Чепышкин гол салды.

«Горняк» - «Барыс» 0:13 (0:2, 0:4, 0:7)

0:1 - 01:45 - Тілеубаев (Шакенов, Қалелхан)

0:2 - 13:44 - Дронов (Шарапов, Канкин) ГБ

0:3 - 25:18 - Канкин (Шакенов, Сидоренко)

0:4 - 25:45 - Чепышкин (Тлеухан, Қалелхан)

0:5 - 37:40 - Алпкарин (Айтмағамбетов)

0:6 - 39:32 - Тілеубаев (Кабдуали, Шәкенов) ГБ

0:7 - 43:07 - Тілеухан (Шегебаев, Тұрсынов)

0:8 - 48:58 - Қабдуали (Сидоренко, Ломако)

0:9 - 50:19 - Дронов (Миндубаев) ГБ

0:10 - 52:12 - Тілеубаев (Қалелхан, Шакенов)

0:11 - 53:48 - Саттар (Турсынов)

0:12 - 54:08 - Тілеухан (Алдоңғар)

0:13 - 59:41 - Чепышкин (Масен, Тілеухан)

Қақпашылар: Шинковский (Шапошник, 53:48-60:00) - Ряшин (Кучковский, 40:00-60:00)

«Ақтөбе» турнирдегі алғашқы матчында «Жас Батырдан» жеңісті жұлып әкетті. Ойынның шартты иелеріне жеңісті Савелий Потапов пен Арсен Қайыргелдінің дөп соққылары, сонымен қатар Кирилл Шпигуннің орындауындағы 35 сейв әкелді.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 13:14 - Потапов (Катасонов)

2:0 - 35:05 - Каиргельды (Кошевник, Потапов)

2:1 - 46:01 - Иконников (Юдин, Гусейнов)

Қақпашылар: Шпигун - Еркинов

«Құлагер» «Алматыдан» жеңілген соң топтан шығу мүмкіндігінен айрылды. Оңтүстікастаналық ұжым құрамынан Айдар Тоқтасынов дубль жасады, қақпашы Александр Павлов қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Құлагер» 4:1 (2:1, 2:0, 0:0)

1:0 - 08:33 - Ивановский (Ырыс, Татаринцев)

2:0 - 16:16 - Тоқтасынов (Амырканов, Ырыс)

2:1 - 19:07 - Илияс (Серикбулатов, Хусаинов)

3:1 - 39:19 - Амырканов (Татаринцев)

4:1 - 39:33 - Тоқтасынов (Трифонов, Ырыс) ГБ

Қақпашылар: Павлов - Гиганов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.