2025 жылғы Jastar кубогінің финалистері анықталды.

«Барыс» «Сұңқармен» жартылай финалды екпіндетіп бастады. Бірінші кезеңде-ақ оралдықтардың қақпасына төрт жауапсыз шайба аттанды. Әрі қарай елордалық ұжым ойынды өз бақылауынан шығармастан кездесуді жеңіске дейін жеткізді. Данил Дронов дубль жасады, Кирилл Канкин командаластарына үш рет пас берді.
«Барыс» - «Сұңқар» 6:0 (4:0, 0:0, 2:0)
1:0 - 00:13 - Дронов (Канкин)
2:0 - 03:10 - Дронов (Канкин, Миндубаев) ГБ
3:0 - 07:51 - Тлеухан (Кенжегали)
4:0 - 11:41 - Чепышкин (Канкин, Дронов) ГБ
5:0 - 41:58 - Айтмагамбетов (Сидоренко, Алпкарин)
6:0 - 50:11 - Кенжегали (Крутский, Мукашев)
Қақпашылар: Ряшин - Синдеев (Яговкин, 07:51-60:00)

Екінші жартылай финал да ұқсас сценариймен басталды. «Торпедолықтар» үш шайба айырмашылығын орнатып, ойынды өз бақылауында ұстап отырды. Алайда әрі қарай алаң иелерінің ойыны шашырай бастады да, мұны пайдаланған «Ақтөбе» таблодағы есепті теңестірді. Нәтижесінде барлығы буллиттер сериясында шешіліп, батысқазақстанщдық хоккейшілер дәлірек көздеді. Жеңіс соққысының авторы – Савелий Потапов, ал қонақтардың қақпашысы Кирилл Шпигун қақпаға бағытталған 53 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 4:5 Б (3:0, 1:3, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 08:28 - Мерзликин (Глухих, Украинцев) ГБ
2:0 - 11:08 - Глухих (Челюк, Дубинкин)
3:0 - 13:54 - Украинцев (Дубинкин, Гасников) ГБ
3:1 - 22:43 - Болат
3:2 - 24:29 - Кошевник (Потапов) ГБ
3:3 - 30:49 - Жумажан (Болат)
4:3 - 31:26 - Мерзликин (Бурнашов)
4:4 - 57:46 - Катасонов
4:5 - 65:00 – Потапов ПБ
Қақпашылар: Грохотов (Зиновьев, 30:49-65:00) – Шпигун
Осылайша, жексенбі күні беделді жүлдені жекпе-жекте «Барыс» пен «Ақтөбе» таласқа салады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar