Барыс пен Құлагер чемпионатты үйдегі құрғақ жеңістерден бастады

20 qyrkúıek
730

Бүгін еліміздің үш қаласында хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты басталды.

Жастар Кубогінің қазіргі иегері «Барыс» «Торпедоның» арынын бастады. Матчта екінші кезеңнің басы шешуші болып, елордалық ұжым екі рет артық құрам ұйымдастырды. Жаңа маусымдағы өз есептерін Андрей Церюльников, Әмір Алпкарин және Нұрәлі Айтмағамбетов ашты. Алаң иелерінің қақпашысы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс» - «Торпедо» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 30:10 - Церульников (Шакенов, Корча́гин) ГБ

2:0 - 34:28 - Алпкарин (Сидоренко, Церульников) ГБ

3:0 - 42:42 - Айтмағамбетов

Қақпашылар: Кучковский - Зиновьев

«Құлагер» минималды есеппен оралдық қарсыластарын жеңді. Петропавлдықтарға матч ортасындағы Максим Зыбиннің дөп соққысы жеңіс сыйлады. Алаң иелерінің голкипері Станислав Валентюкевичтің есебінде 22 сейв бар.

«Құлагер» - «Сұңқар» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 31:26 - Зыбин (Спиридонов)

Қақпашылар: Валентюкевич (Гиганов, 43:31-44:22) - Яговкин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.