Бүгін еліміздің үш қаласында хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты басталды.

«Арлан» «Жас Батырмен» үйдегі алғашқы матчта бірінші кезеңді жақсы өткізді. Көкшетаулықтар құрамындағы алғашқы голдың авторы – Илияс Дәулетбек. Алайда әрі қарай атыраулықтар екпінді үдетіп, қалған екі кезеңде екі шайбадан салды. Қонақтарға жеңіс сыйлаған шайбаның авторы – жалпы екі балл иемденген Марк Забурдяев.
«Арлан» - «Жас Батыр» 1:4 (1:0, 0:2, 0:2)
1:0 - 08:05 - Дәулетбек (Алиев)
1:1 - 20:33 - Бағытжанов (Бабичев, Юдин) ГБ
1:2 - 32:42 - Забурдяев (Конрадий)
1:3 - 51:51 - Прохоров (Забурдяев)
1:4 - 52:29 - Абдашимов (Климов, Чокпаров)
Қақпашылар: Лаюров - Еркинов

Jastar Ligasy-ның қазіргі чемпионы маусымдағы алғашқы матчында «Ақтөбеден» жеңілді. Қонақтар құрамынан өз есептеріне үш балдан Александр Шипулин (2+1) мен Ярослав Герасимов (1+2) жазды.
«Астана» - «Ақтөбе» 2:4 (0:1, 1:1, 1:2)
0:1 - 09:12 - Шипулин (Герасимов, Зубарев) ГБ
0:2 - 25:26 - Шипулин (Герасимов, Зубарев) ГБ
1:2 - 31:31 - Петренко (Секербай, Секербай) ГБ
1:3 - 46:53 - Герасимов (Шипулин, Жумажан)
1:4 - 54:57 - Катасонов
2:4 - 55:51 - Жұмаділдинов (Смаганбет)
Қақпашылар: Есен - Шпигун
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr