Жас Батыр, Барыс пен Құлагер жеңістер сериясын жалғастырды

21 qyrkúıek
745

Бүгін еліміздің үш қаласында хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты басталады.

«Арлан» мен «Жас батырдың» екінші текетіресінде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Қонақтарға екі балды Әмір Бағытжановтың дөп соққысы сыйлады. Осылайша, атыраулықтар чемпионат басында Көкшетаудан ең жоғары ұпаймен қайтты.

«Арлан» - «Жас Батыр» 2:3 Б (0:2, 2:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 01:33 - Забурдяев (Конрадий, Иконников)

0:2 - 15:15 - Мухамедияров

1:2 - 24:47 - Ершов ГМ

2:2 - 30:52 - Нуреев (Бикситов)

2:3 - 65:00 – Багитжанов ПБ

Қақпашылар: Лаюров - Костоев

Астанадағы екінші матчта «торпедолықтар» «Барыстың» қақпасын ала алды, алайда қонақтарға ұпай жинау үшін Роман Худяковтың бір шайбасы жеткіліксіз болды. Алаң иелері құрамынан Владимир Чепышкин дубль жасады, ал қақпашы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс» - «Торпедо» 3:1 (0:1, 3:0, 0:0)

0:1 - 01:17 - Худяков (Мирошниченко)

1:1 - 27:30 - Тлеубаев (Шарапов, Алпкарин)

2:1 - 33:15 - Чепышкин (Шакенов, Шарапов)

3:1 - 33:40 - Чепышкин ГБ

Қақпашылар: Кучковский - Зиновьев

«Құлагер» «Сұңқардың» арынын тағы да баса алды. Петропавлдықтар әр кезеңде бір-бірден шайба соғып, қорғаныста сенімді ойнады. Жергілікті жанкүйерге жеңісті Илья Тузовтың және дубль жасаған Артём Волосатовтың дәл соққылары сыйлады. Қақпашы Богдан Гигановтың еншісінде 34 сейв бар.

«Құлагер» - «Сұңқар» 3:2 (1:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 14:49 - Тузов (Телегин)

1:1 - 15:25 - Перцев (Талерко)

2:1 - 23:44 - Волосатов

2:2 - 24:48 - Феоктистов (Блохин, Черников)

3:2 - 48:14 - Волосатов (Илияс, Телегин) ГБ

Қақпашылар: Гиганов - Колесник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.