Jastar Ligasy ойын күнінің екінші бөлігіне Көкшетау мен Астанадағы кездесулер жоспарланған.

«Арлан» «Сұңқармен» алғашқы үй матчында әрбір кезеңде бір шайбадан салып, қорғаныста айтарлықтай мығым ойнады, соның арқасында биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Гол авторлары – артық құраммен көзге түскен Даниил Нуреев пен Кирилл Козлов, сондай-ақ Олжас Асқатұлы. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Лаюров 24 сейв жасады.
«Арлан» - «Сұңқар» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 17:17 - Нуреев (Бикситов) ГБ
2:0 - 27:19 - Козлов (Нуреев, Толуспаев) ГБ
3:0 - 42:52 - Асқатұлы (Айтқожа, Сингатулин)
Қақпашылар: Лаюров - Яговкин (Синдеев, 42:52-60:00)

Бүгін құрғақ жеңіске «Астананы» ойсырата жеңген «Торпедо» да жетті. Қазіргі чемпиондар үшін бұл жаңа чемпионат басталғалы бергі қатарынан үшінші жеңіліс. Өскемендіктер құрамынан Роман Худяков (1+2) үш балл жинады, қонақтардың қақпашысы Давид Зиновьев қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.
«Астана» - «Торпедо» 0:5 (0:2, 0:1, 0:2)
0:1 - 04:32 - Худяков (Челюк) ГБ
0:2 - 16:35 - Чалкин (Бурнашов, Трегубов)
0:3 - 26:03 - Мирошниченко (Ануфриев, Худяков) ГБ
0:4 - 53:08 - Челюк (Худяков)
0:5 - 54:55 - Трегубов (Мерзликин)
Қақпашылар: Орешко - Зиновьев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr