Jastar Ligasy-ның қызу ойын күні Петропавлда басталды.

«Жас Батыр» «Құлагерден» жеңісті жұлып алып, жеңісті сериясын төрт ойынға дейін ұзартып отыр. Қарсыластар қақпасын екі реттен дәл көздегендер – Әмір Бағытжанов пен Марк Забурдяев. Никита Бабичев өз қоржынына 3 (1+2) ұпай салды.
«Құлагер» - «Жас Батыр» 2:5 (0:0, 1:1, 1:4)
0:1 - 28:32 - Бағытжанов (Бабичев, Юдин) ГБ
1:1 - 31:19 - Гридчин (Телегин)
2:1 - 50:42 - Илияс (Волосатов, Телегин)
2:2 - 54:00 - Багитжанов (Бондаренко, Чокпаров)
2:3 - 55:10 - Забурдяев (Юдин, Бабичев)
2:4 - 57:51 - Забурдяев ПВ
2:5 - 59:12 - Бабичев ПВ
Қақпашылар: Валентюкевич - Костоев

«Сұңқар» овертаймда «Арланның» арынын басып, биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оралдық командаға жеңісті Владислав Михеев пен Вадим Родионовтың дәл соққылары, сондай-ақ Владислав Синдеевтің 17 сейві сыйлады.
«Арлан» - «Сұңқар» 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 01:02 - Нуреев (Козлов, Сингатулин)
1:1 - 24:58 - Михеев (Әуезбай, Феоктистов)
1:2 - 61:47 - Родионов (Әуезбай, Перцев) ГБ
Қақпашылар: Лаюров - Синдеев

Маусымдағы алғашқы жеңісіне «Алматы» да қол жеткізді. «Горнякпен» өткен ойында оңтүстік астаналықтарға жеңісті нәтижелі өткен екінші кезең сыйлады. Алаң иелері сапында Арыстан Әмірханов дубль авторы атанса, «Алматының» төрт голдық шабуылына Александр Югай (1+3) үлес қосты.
«Алматы» - «Горняк» 7:2 (1:0, 4:1, 2:1)
1:0 - 15:47 - Шмидт (Тоқтасынов) ГБ
2:0 - 23:00 - Снытин (Отоудинов)
2:1 - 25:50 - Кириневич (Исмаилов, Долганов)
3:1 - 30:02 - Югай (Татаринцев) ГМ
4:1 - 31:02 - Әмірханов (Югай)
5:1 - 38:26 - Трифонов (Югай) ГМ
6:1 - 45:18 - Безбородов (Татаринцев)
7:1 - 48:26 - Әмірханов (Югай, Ырыс)
7:2 - 52:00 - Бопп (Долганов) ГБ
Қақпашылар: Павлов (Әлібаев, 40:00-60:00) - Шапошник
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar