Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясында Астана мен Өскеменде кездесулер өтті.

«Барыспен» өткен екінші түздегі ойында «Мұнайшы» Марсель Бекбаевтың күшімен қарсылас қақпасын алғаш рет дәл көздеді. Алайда астаналықтар бұған бес дәл соққымен жауап берді. Амир Гафуров дубль авторы атанды. Андрей Шаяновтың шәкірттері осылайша қатарынан алтыншы рет жеңіске жетіп, шығынсыз келе жатыр.
«Барыс» - «Мұнайшы» 5:1 (2:0, 1:0, 2:1)
1:0 - 11:56 - Гафуров (Корчагин, Ломако)
2:0 - 17:05 - Шакенов (Толстунов, Алпкарин)
3:0 - 39:04 - Алдонгар (Айболулы, Сидоренко)
4:0 - 43:54 - Гафуров (Ломако, Корчагин) ГБ
4:1 - 48:51 - Бекбаев (Бабешко, Каршыгаев)
5:1 - 54:48 - Кубатаев (Церульников, Харченко) ГБ
Қақпашылар: Кучковский - Пушков

«Торпедо» мен «Алматы» арасындағы кездесуде шешуші сәт алғашқы кезеңнің соңында орын алды. Дәл осы тұста өскемендік хоккейшілер небәрі 21 секундтың ішінде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Шайбаларды Владислав Ануфриев пен артық құрамды тиімді пайдаланған Алексей Трегубов соқты. Екінші кезеңнің ортасында Александр Корсаков есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты, бірақ алматылықтардың күші бұдан артыққа жетпеді.
«Торпедо» - «Алматы» 2:1 (2:0, 0:1, 0:0)
1:0 - 18:06 - Ануфриев (Манажанов, Трегубов)
2:0 - 18:27 - Трегубов (Чалкин, Шимин) ГБ
2:1 - 31:38 - Корсаков (Шмидт)
Қақпашылар: Зиновьев - Павлов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar