Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясында Теміртау мен Оралда кездесулер өтті.

«Кармет» «Тұран Тайгерсті» ойсырата жеңіп, қосымша көрсеткіштер бойынша «Барысты» басып озып, лиганың турнир кестесінде көш бастады. Ойынның шешуші сәті екінші кезеңде орын алды — дәл осы уақытта Максим Худяковтың шәкірттері алты шайба соқты. Даниил Вагнер мен Мәди Нұрқанов дубль авторлары атанса, Тимофей Симонов әріптестеріне үш рет нәтижелі пас берді.
«Кармет» - «Тұран Тайгерс» 7:0 (0:0, 6:0, 1:0)
1:0 - 21:29 - Вагнер (Симонов)
2:0 - 24:51 - Вагнер (Симонов)
3:0 - 32:36 – Нурканов М. (Симонов, Коротких)
4:0 - 34:27 - Калкабек (Рублёв)
5:0 - 37:20 - Коротких (Рублёв) ГМ
6:0 - 38:11 – Нурканов М. (Нурканов А., Коротких) ГБ
7:0 - 48:21 - Рублёв (Ольденбургер, Калкабек) ГБ
Қақпашылар: Илларионов - Худояров (Мельников, 40:00-60:00)

«Сұңқар» «Жас Батырдан» сенімді қарымта қайтарды. Өз есептерін оралдықтар құрамынан сұрмергендер Родион Суфьянов, Родион Родионов, Ратибор Феоктистов пен Илья Перцев толтырды. Осы жетістігінен кейін оралдық ұжым плей-офф аймағына бір қадам жақындады.
«Сұңқар» - «Жас Батыр» 4:1 (1:0, 2:0, 1:1)
1:0 - 01:45 - Суфьянов (Черников, Утепкалиев)
2:0 - 24:34 – Родионов Р. (Родионов В.)
3:0 - 26:46 - Феоктистов (Маликов, Михеев) ГБ
4:0 - 45:34 - Перцев (Родионов, Шакубаев) ГБ
4:1 - 50:28 - Прохоров (Алихан, Конрадий) ГБ
Қақпашылар: Яговкин - Костоев (Амангали, 28:07-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar