Торпедо Алматыны «құрғақ» жеңді

1 qazan
667

Қазақстан жастар чемпионатындағы сәрсенбінің жалғыз ойыны Өскеменде өтті.

Алаң иелері әр кезеңде бір-бір шайбадан соғып, қақпашы Давид Зиновьевке ойынды «құрғақ» өткізуге көмектесті. Ол жалпы 17 соққыға тойтарыс беріп, Даниэль Абденов, Роман Худяков және Данил Пупков өз есептерін толықтырды. Бұл жеңіс «Торпедо» командасы үшін қатарынан төртіншісі болды.

«Торпедо» - «Алматы» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 14:48 - Абденов (Асанов, Ботищев)

2:0 - 27:22 - Худяков (Манажанов, Челюк) ГБ

3:0 - 56:24 - Пупков (Сергиенко)

Қақпашылар:Зиновьев - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.