Қазіргі чемпион маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті, «жолбарыстар» «көкжалдарды» ойсырата жеңді

3 qazan
603

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі бөлігіне екі матч жоспарланды.

«Астана» Рудныйдағы алғашқы ойынын сәтті өткізіп, жаңа маусымдағы дебюттік жеңісіне қол жеткізді. Кездесудің басты кейіпкері — дубль авторы әрі командасының барлық голдық шабуылдарына қатысқан Абдуррахим Қыдырбай болды. Максим Орешконың еншісінде 10 сейв бар. Ал «Горняк» үшін бұл қатарынан бесінші жеңіліс болды.

«Горняк» - «Астана» 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 - 12:49 - Қыдырбай (Чепышкин, Сүлейменов)

0:2 - 44:24 - Чепышкин (Қыдырбай) ГБ

0:3 - 52:11 - Қыдырбай

Қақпашылар: Шапошник (Ибраев, 43:45-44:04) - Орешко

«Тұран Тайгерс» те түзде жеңіске жетті: Көкшетауда «Арланды» ірі есеппен жеңді. Бұл матчта түркістандықтардың шабуылшысы Глеб Любченко көзге түсті, қарсыласты екі рет Дулат Дәулеталиев састырды.

«Арлан» - «Тұран Тайгерс» 3:8 (0:2, 2:5, 1:1)

0:1 - 07:42 - Мартынов (Гизатулин, Любченко) ГБ

0:2 - 17:45 - Котов (Гизатулин, Приморцев-Агеев)

0:3 - 22:16 - Габдулин (Нұрлан, Мартынов) ГБ

1:3 - 22:37 - Асқатұлы (Акименко)

1:4 - 24:47 - Любченко (Мартынов) ГМ

1:5 - 28:40 - Любченко (Артюшин, Габдулин) ГБ

2:5 - 32:11 - Кентаев (Бикситов) ГБ

2:6 - 35:51 - Дәулеталиев (Рахматуллаев, Бурабай)

2:7 - 36:27 - Любченко (Гизатулин, Котов)

3:7 - 46:19 - Кентаев (Айтқожа, Нуреев)

3:8 - 49:07 - Дәулеталиев (Бурабай)

Қақпашылар: Аминов (Лаюров, 22:16-60:00) - Байдек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.