Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының күндізгі ойын бағдарламасында үш матч өткізу жоспарланған.

Турдың басты кездесуі Өскеменде өтті, онда «Торпедо» өз алаңында «Барысты» қабылдады. Астаналық команда чемпионаттың басында бірде-бір жеңіліс көрмеген еді. Алайда бүгін Андрей Шаянов шәкірттерінің жеңісті сериясы тоқтады. Алаң иелеріне жеңіс әкелген — Денис Мирошниченко, Владислав Ануфриев және бос қақпаға шайба соққан Роман Худяков. Давид Зиновьев қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Барыс» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)
1:0 - 03:06 - Мирошниченко ГБ
2:0 - 47:44 - Ануфриев (Челюк) ГМ
3:0 - 59:04 - Худяков (Ануфриев) ПВ
Қақпашылар: Зиновьев - Кучковский (Ряшин, 56:06-58:02)

Рудныйда өткен екінші кездесуде «Астана» да айқын басымдықпен «құрғақ» жеңіске жетіп, турнирлік жағдайын едәуір жақсартты. Александр Графкин, Айтуған Секербай және Даниал Хидуанов өз есептеріне үш ұпайдан (бәрі де – 1+2) жазып алды.
«Горняк» - «Астана» 0:10 (0:3, 0:3, 0:4)
0:1 - 06:21 - Секербай (Графкин, Хидуанов)
0:2 - 06:42 - Хидуанов (Графкин, Секербай)
0:3 - 16:14 - Жұмаділдинов (Тагнер, Валиханов) ГБ
0:4 - 33:44 - Оразғали (Чакенов)
0:5 - 35:16 - Джаукпаров (Чепышкин, Сатемиров)
0:6 - 37:28 - Графкин (Секербай, Хидуанов)
0:7 - 41:15 - Қыдырбай (Сатемиров, Сүлейменов) ГБ
0:8 - 47:48 - Чакенов (Тагнер)
0:9 - 48:33 - Котлобаев (Положухно, Дровосеков)
0:10 - 57:09 - Чепышкин (Қыдырбай)
Қақпашылар: Шапошник - Орешко

«Арлан» мен «Тұран» арасындағы екінші кездесудің жеңімпазы тек буллит сериясында анықталды. Бұл сында дәлірек көзге түскен – түркістандықтар. Олар матч барысында 0:3 есебінен қайтып, таразы басын өз пайдасына аударды. Ярослав Котов пен Дулат Даулеталиев дубль авторы атанды.
«Арлан» - «Тұран Тайгерс» 3:4 Б (2:0, 1:0, 0:3, 0:0, 0:1)
1:0 - 03:25 - Козлов
2:0 - 11:33 - Нуреев (Дәулетбек)
3:0 - 39:28 - Толуспаев (Козлов, Нуреев) ГБ
3:1 - 41:36 - Котов (Ержигит)
3:2 - 49:45 - Котов (Любченко, Приморцев-Агеев) ГБ
3:3 - 58:24 - Дәулеталиев (Любченко, Габдулин)
3:4 - 65:00 – Дәулеталиев ПБ
Қақпашылар: Аминов - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar