Кармет тағы да жеңілмеді, Мұнайшы жеңіліс сериясын ұзартты

4 qazan
681

Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының кешкі ойын бағдарламасында үш матч өткізу жоспарланған.

«Мұнайшы» Оралда тағы да жеңіліске ұшырап, өзінің жеңіліс сериясын төрт матчқа дейін ұзартты. «Сұңқар» сапында Никита Талерко хет-трик авторы атанса, алаң иелерінің қақпашысы Глеб Колесник қақпаға бағытталған 22 соққыны қайтарды.

«Сұңқар» - «Мұнайшы» 7:2 (2:0, 4:1, 1:1)

1:0 - 08:54 - Черников (Утепкалиев, Перминов) ГМ

2:0 - 14:43 - Костенко (Талерко, Ауезбай)

3:0 - 21:49 - Талерко (Ауезбай, Костенко)

4:0 - 29:58 - Талерко (Каденов)

5:0 - 34:49 - Родионов

5:1 - 36:58 - Анциферов (Головащенко, Ташимов) ГБ

6:1 - 37:30 - Талерко

6:2 - 45:52 - Бабешко (Бекбаев, Есеркепов) ГБ

7:2 - 48:48 - Черников (Суфьянов)

Қақпашылар: Колесник - Плотников (Пушков, 40:00-60:00)

«Ақтөбе» мен «Құлагер» арасындағы кездесу буллит сериясына дейін жетуі заңды болды. Бұл сында дәлірек көзге түскен – алаң иелері. Жеңіс шайбасын Ярослав Герасимов соқты. Ал Артур Хусаинов (2+2) петропавлдықтардың барлық голдық шабуылдарына қатысып, маңызды үлес қосты.

«Ақтөбе» - «Құлагер»5:4 Б (1:1, 1:1, 2:2, 0:0, 1:0)

0:1 - 07:05 - Хусаинов (Телегин)

1:1 - 18:41 - Шипулин (Зубарев)

1:2 - 22:40 - Хусаинов (Илияс)

2:2 - 34:05 - Катасонов (Шипулин, Шпак)

2:3 - 40:26 - Илияс (Хусаинов) ГБ

3:3 - 43:25 - Болат (Герасимов, Зубарев) ГБ

3:4 - 46:04 - Телегин (Хусаинов, Илияс)

4:4 - 57:32 - Потапов (Януваров, Шпак)

5:4 - 65:00 – Герасимов ПБ

Қақпашылар: Шпигун - Роговской

«Кармет» тартысты өткен кездесуде «Алматыдан» жеңісті жұлып алып, чемпионаттың басында жеңіліс көрмеген жалғыз команда болып қалды. Ойынның тағдыры соңғы минутта шешілді – Альхам Калқабек пен Никита Соколов қонақтардың қақпасына бір-бірден шайба соқты. Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 18 соққыны қайтарды.

«Кармет» - «Алматы» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 59:23 - Калкабек (Рублёв)

2:0 - 59:59 - Соколов (Рублёв) ГБ

Қақпашылар: Зюзин - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.