Барыс Торпедодан қарымта қайтарды, Кармет қатарынан сегізінші матчты жеңді

5 qazan
1072

Jastar Ligasy-ның ойын аптасы Өскемен мен Теміртаудағы екі кездесумен аяқталды.

Кеше құрғақ жеңілген матчтан кейін «Барыс» бүгінгі ойында қарсыластар қақпасын алып қана қоймай, айқын қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы – Нұрали Айтмағамбетов. Екі голдық шабуылға Алдияр Кабдуәлі (1+1) мен Әмірхан Шегебаев (0+2) қатысқан. Дмитрий Ряшин қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Барыс» 1:4 (1:2, 0:0, 0:2)

0:1 - 12:21 - Кабдуали (Мукашев, Шегебаев)

0:2 - 16:14 - Айтмагамбетов (Ломако, Шакенов)

1:2 - 19:07 - Мерзликин (Трегубов)

1:3 - 43:21 - Корчагин (Шегебаев)

1:4 - 48:34 - Дронов (Кабдуали)

Қақпашылар: Зиновьев - Ряшин

«Кармет» өз алаңында «Алматыны» сенімді жеңіп, көшбасшылығын растады. Даниил Вагнер дубльдің авторы атанды. Максим Худяковтың шәкірттері қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, биылғы чемпионатта әлі жеңіліс көрмеген жалғыз команда болып тұр.

«Кармет» - «Алматы» 6:1 (1:1, 3:0, 2:0)

1:0 - 01:03 - Давлетшин (Нурканов, Стариненко)

1:1 - 14:29 - Ырыс

2:1 - 32:14 - Степанов

3:1 - 36:08 - Лигай (Рублёв, Калкабек)

4:1 - 39:22 - Вагнер (Алтухов)

5:1 - 41:37 - Стариненко (Вагнер)

6:1 - 58:12 - Вагнер (Маринин, Рублёв)

Қақпашылар: Зюзин - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.