Құлагер Горнякты ойсырата жеңді, Астана Чепышкиннің хет-тригінің арқасында қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

7 qazan
242

Қазақстан жастар чемпионаты Рудный мен Ақтөбедегі матчтармен жалғасуда.

«Горняк» Рудныйдағы алғашқы матчта «Құлагердің» қақпасын ала алмады. Қонақтар құрамынан Максим Зыбин дубль жасады. Петропавлдықтар үшін бұл жеңіс маусымдағы үшіншісі. Ал «Горняк» әзірге бір де бір ұпай жинамады.

«Горняк» - «Құлагер» 0:7 (0:1, 0:2, 0:4)

0:1 - 19:27 - Кузьмин (Суходольский, Черней)

0:2 - 36:27 - Круглов (Серікболатов)

0:3 - 39:44 - Зыбин (Седов) ГБ

0:4 - 41:32 - Волосатов (Хусаинов, Фролов) ГБ

0:5 - 44:27 - Телегин (Илияс, Волосатов)

0:6 - 46:53 - Зыбин (Спиридонов, Серикбулатов)

0:7 - 57:14 - Хусаинов (Телегин)

Қақпашылар: Шапошник - Роговской

«Астананың» Ақтөбеге сапары сәтті жалғасып, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгінгі кездесудің басты қаһарманы — қарсыластар қақпасын үш мәрте дәл көздеген Владимир Чепышкин. Айдар Сүлейменов (1+1) қонақтардың екі нәтижелі шабуылына қатысып, өз үлесін қосты. Ал «астаналықтардың» қақпашысы Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Астана» 1:4 (0:1, 0:1, 1:2)

0:1 - 02:10 - Чепышкин (Қыдырбай, Сатемиров) ГБ

0:2 - 25:25 - Чепышкин (Сүлейменов)

0:3 - 41:07 - Чепышкин (Абдрахманов)

1:3 - 42:18 - Катасонов (Надейкин, Артамонов) ГБ

1:4 - 58:40 - Сүлейменов ПВ

Қақпашылар: Шпигун - Есен


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.