Сәрсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өткізу жоспарланған.

«Горняк» қарымта кездесуде де «Құлагерге» лайықты қарсылық көрсете алмады. Петропавлдықтар ойынның алғашқы бөлігінде-ақ үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, кейін есеп алшақтығын ұлғайтты. Мирас Серікбулатов пен Иван Седов алаң иелерінің қақпасына екі реттен шайба соқты. Осы жеңістен кейін Максим Первухиннің шәкірттері турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
«Горняк» - «Құлагер» 2:8 (0:3, 2:3, 0:2)
0:1 - 06:42 - Серікболатов (Седов)
0:2 - 08:44 - Гридчин (Кузьмин)
0:3 - 19:24 - Фролов (Илияс) ГБ
1:3 - 22:00 - Исмаилов (Михальченко)
1:4 - 25:54 - Волосатов (Хусаинов) ГБ
1:5 - 27:17 - Рыбин (Назаров, Тузов)
1:6 - 33:28 - Серікболатов (Зыбин)
2:6 - 35:39 - Михальченко (Федоров)
2:7 - 44:22 - Седов (С Серікболатов)
2:8 - 44:44 - Седов (Серікболатов)
Қақпашылар: Ибраев (Шапошник, 44:22-60:00) - Гиганов

«Ақтөбе» «Астанадан» қарымта қайтарды. Кездесудің 35-минутына қарай «астаналықтар» екі шайбамен алда тұрған, алайда алаң иелері ойынның барысын өз пайдасына бұрып, негізгі уақытта жеңісті жұлып алды. Матфей Катасонов (1+2) «Ақтөбенің» барлық голдық шабуылдарына қатысып, маңызды рөл атқарды. Ал «Астана» сапында Александр Графкин дубль авторы болды.
«Ақтөбе» - «Астана» 3:2 (0:0, 1:2, 2:0)
0:1 - 21:30 - Графкин (Секербай)
0:2 - 34:16 - Графкин (Сатемиров)
1:2 - 35:50 - Росхрест (Шпак, Катасонов) ГБ
2:2 - 43:37 - Артамонов (Катасонов) ГБ
3:2 - 48:58 - Катасонов (Потапов, Артамонов)
Қақпашылар: Шпигун - Есен
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Aqtóbe
Barys
Torpedo
Jas Batyr