Торпедо түзде Сұңқарды жеңді

10 qazan
723

Қазақстан жастар чемпионатының ойын күніндегі жалғыз матч Орал қаласында өтті.

«Торпедо» әр кезеңде бір-бірден шайба соғып, қорғаныста сенімді ойын көрсетті — оралдықтар тек бір рет қана қарсы қақпаны дәл көздей алды. Жеңімпаздар құрамында Никита Мерзликин дубльмен көзге түсті. Өскемендік қақпашы Давид Зиновьев қақпаға бағытталған 33 соққыны қайтарды.

«Сұңқар» - «Торпедо» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)

0:1 - 32:45 - Мерзликин (Трегубов, Дубинкин)

0:2 - 38:41 - Чалкин (Дубинкин) ГБ

1:2 - 50:37 - Черников (Талерко)

1:3 - 58:59 - Мерзликин

Қақпашылар: Синдеев - Зиновьев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.