Jastar Ligasy ойын күнінің күндізгі сессиясында Астана мен Петропавл қалаларында кездесулер өтті.

«Кармет» елдің қазіргі чемпионын өз алаңында жеңіп, маусым басынан бері жалғасып келе жатқан әсерлі жеңістер сериясын ұзарта түсті. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы — қонақтардың шабуылдарының үшеуіне қатысқан (1+2) Тимофей Симонов болды. «Сары-қаралардың» қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.
«Астана» - «Кармет» 3:6 (1:0, 1:3, 1:3)
1:0 - 09:09 - Қыдырбай (Чепышкин, Әбдірахманов) ГБ
2:0 - 22:57 - Графкин (Петренко, Секербай)
2:1 - 28:38 – Нұрқанов М. (Гордин) ГБ
2:2 - 35:02 - Симонов (Нұрқанов М., Степанов) ГБ
2:3 - 39:44 - Қалқабек
2:4 - 51:37 - Вагнер (Симонов)
3:4 - 53:39 - Шукелов
3:5 - 57:01 - Рублёв (Соколов, Ольденбургер) ГБ
3:6 - 59:35 - Маринин (Симонов)
Қақпашылар: Есен - Зюзин

Петропавлда өткен «Құлагер» мен «Арлан» арасындағы кездесу де дәл сондай есеппен аяқталды. Көкшетаулықтар екінші кезеңде тамаша ойын көрсетіп, биылғы чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қонақтар сапында Кирилл Козлов дубльмен көзге түссе, Даниил Нуреев екі мәрте әріптестеріне пас берді.
«Құлагер» - «Арлан» 3:6 (1:0, 1:4, 1:2)
1:0 - 15:52 - Серікболатов (Спиридонов)
1:1 - 21:13 - Толысбаев (Тукин, Ершов) ГБ
2:1 - 24:49 - Зыбин (Спиридонов) ГБ
2:2 - 29:29 - Дәулетбек (Бикситов, Нуреев) ГБ
2:3 - 34:50 - Дархан (Нуреев) ГБ
2:4 - 36:41 - Тукин
2:5 - 43:21 - Козлов
3:5 - 54:06 - Илияс (Телегин) ГМ
3:6 - 54:30 - Козлов ГБ
Қақпашылар: Валентюкевич (Роговской, 43:21-60:00) - Аминов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar