Оралдағы буллиттер, Ақтөбенің құрғақ жеңісі

11 qazan
670

Jastar Ligasy ойын күнінің кешкі сессиясында Орал және Түркістан қалаларында кездесулер өтті.

«Сұңқар» мен «Торпедо» арасындағы қарымта ойында жеңімпазды анықтауға 65 минут жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта қарсыластар Илья Перцев пен Владислав Ануфриевтің дәл соққыларымен алмасты. Буллиттер сериясында Орал командасына екі ұпайды Михаил Черников алып берді. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Синдеев қақпаға бағытталған 45 соққыны қайтарды.

«Сұңқар» - «Торпедо» 2:1 Б (0:0, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 46:46 - Перцев (Ауезбай, Феоктистов)

1:1 - 53:34 - Ануфриев (Украинцев, Мирошниченко)

2:1 - 65:00 – Черников ПБ

Қақпашылар: Синдеев - Зиновьев

«Тұран» мен «Ақтөбе» арасындағы алғашқы кездесудің шешуші сәті соңғы кезеңде орын алды. «Жолбарыстар» Кирилл Шпигун қорғаған қақпаны (24 сейв) бұза алмады, ал қонақтар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, сенімді жеңіске жетті. Матфей Катасонов дубльмен көзге түсті.

«Тұран Тайгерс» - «Ақтөбе» 0:6 (0:1, 0:1, 0:4)

0:1 - 08:27 - Шпак (Куминов)

0:2 - 36:52 - Катасонов

0:3 - 42:18 - Зубарев (Герасимов) ГБ

0:4 - 43:40 - Катасонов

0:5 - 51:28 - Болат (Кудьяров)

0:6 - 59:23 - Герасимов

Қақпашылар: Байдек (Мельников, 51:28-60:00) - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.