Торпедо Жас Батырдың арынын басты

14 qazan
757

Қазақстан жастар чемпионатындағы сейсенбі күнгі жалғыз матч Теміртауда өтіп, онда «Жас Батыр» командасы «Торпедоны» қабылдады.

Ойын барысын өскемендіктер бақылауда ұстады, дегенмен атыраулықтар сәтті мүмкіндіктерін пайдаланып, қақпашы Дулат Еркіновтің тамаша ойынының арқасында ұзақ уақыт бойы есепте қалып отырды. Ол жалпы 50 соққыны қайтарды. Алайда бұл да жеткіліксіз болды. Алексей Трегубов, Алан Асанов және Артур Глухихтың дәл соққылары қонақтарға екі ұпай сыйлап, олар чемпионаттың көшбасшысы «Карметті» әлі де өкшелеп қуып келеді.

«Жас Батыр» - «Торпедо» 2:3 (1:2, 1:0, 0:1)

1:0 - 00:25 - Бабичев (Забурдяев)

1:1 - 04:45 - Трегубов (Ануфриев)

1:2 - 05:29 - Асанов (Худяков, Ботищев)

2:2 - 22:40 - Мухамедияров (Иконников)

2:3 - 55:33 - Глухих (Мерзликин, Дубинкин) ГБ

Қақпашылар: Еркинов - Грохотов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.