Жастар чемпионатының матчтарын Петропавл, Астана және Алматы қалаларында тамашалаймыз.

«Кармет» қарқынын бәсеңдетпей, «Құлагерді» екінші рет сенімді түрде жеңді. Бұл жолы петропавлдықтар Алексей Зюзин қорғаған қақпаны бұза алмады — ол 15 соққыны қайтарды. Қонақтар сапында Никита Рублёв покер жасаса, Эдуард Ольденбургер үш рет әріптестеріне гол соғуға көмектесті.
«Құлагер» - «Кармет» 0:6 (0:2, 0:1, 0:3)
0:1 - 07:08 - Рублёв (Лигай)
0:2 - 16:38 - Рублёв (Соколов, Ольденбургер) ГБ
0:3 - 34:33 - Қалқабек ГМ
0:4 - 44:54 - Симонов ГМ
0:5 - 48:41 - Рублёв (Ольденбургер, Соколов)
0:6 - 50:44 - Рублёв (Ольденбургер, Қалқабек) ГБ
Қақпашылар: Төлеубай - Зюзин

Өзінің сәтті жеңіс сериясын «Барыс» та жалғастырды — бүгін команда «Арланның» қақпасына 13 жауапсыз шайба соқты. Тимур Миндубаев пен Андрей Церульников хет-трик авторы атанса, Аристарх Киреев төрт нәтижелі пас берді. Арсений Кучковский өз есебіне 16 сейв қосты.
«Барыс» - «Арлан» 13:0 (2:0, 5:0, 6:0)
1:0 - 05:31 - Кабдуали (Айтмагамбетов)
2:0 - 07:25 - Саттар (Кенжегали, Миндубаев)
3:0 - 22:04 - Церульников (Кубатаев, Гафуров)
3:0 - 27:41 - Ершов
4:0 - 34:27 - Амангалиев (Киреев, Алдонгар)
5:0 - 35:07 - Айтмагамбетов (Миндубаев)
6:0 - 35:41 - Айтмагамбетов (Кабдуали) ГБ
7:0 - 37:35 - Миндубаев (Кабдуали, Сидоренко)
8:0 - 40:51 - Миндубаев (Киреев) ГМ
9:0 - 41:50 - Церульников (Елдес, Кенжегали)
10:0 - 45:51 - Церульников (Киреев, Кубатаев)
11:0 - 49:52 - Миндубаев (Киреев) ГМ
12:0 - 53:47 - Киреев (Миндубаев, Айтмагамбетов) ГБ
13:0 - 59:15 - Кенжегали (Крутский, Саттар)
Қақпашылар: Кучковский - Аминов (Лаюров, 35:41-60:00)

«Ақтөбе» соңғы минуттарда «Алматыдан» жеңісті жұлып алды. Тағы бір қызық жайт — матч барысында қонақтар екі рет сан басымдығын тиімді пайдаланды, екі голдың да авторы Матфей Катасонов болды. Ал алаң иелері үшін шешуші соққыны Богдан Куминов дәл орындады.
«Алматы» - «Ақтөбе» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)
0:1 - 18:26 - Катасонов (Потапов) ГМ
1:1 - 32:19 - Крылов ШБ
1:2 - 37:09 - Катасонов (Потапов, Шпак) ГМ
2:2 - 37:35 - Ырыс ШБ
2:3 - 57:00 - Куминов (Герасимов, Шпак)
Қақпашылар: Алибаев - Шпигун
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar