Кармет пен Барыс жеңіс серияларын ұзартты, Астана бестікте

19 qazan
490

Қызу өткен сенбі Қазақстан жастар чемпионатында жанкүйерге төрт матч сыйлады.

«Кармет» Көкшетаудағы алғашқы матчта «Арланға» жеңуге еш мүмкіндік бермеді. Тимофей Симонов дубль жасады, қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Мәди Нұрқанов қатысты (1+2). Максим Худяковтың командасы осымен 13-ші рет қатарынан жеңіске жетіп отыр.

«Арлан» - «Кармет» 2:7 (1:3, 0:3, 1:1)

0:1 - 01:23 - Гордин (Маринин)

1:1 - 05:01 - Дәулетбек (Бикситов, Байков)

1:2 - 05:41 - Симонов (Мырзатаев, Нұрқанов М.)

1:3 - 12:33 - Коротких (Симонов, Нұрқанов А.) ГБ

1:4 - 23:37 - Соколов (Рублёв, Ольденбургер)

1:5 - 26:19 - Симонов (Нұрқанов М.)

1:6 - 35:35 – Нұрқанов М. (Коротких)

1:7 - 45:21 - Стариненко (Буяльский, Маринин)

2:7 - 59:31 - Дархан (Ершов, Залевский)

Қақпашылар: Лаюров (Аминов, 26:19-60:00) - Илларионов

«Астана» түзде «Құлагерді» сенімді түрде жеңді. Қарсыласты екі реттен Айдар Сүлейменов састырды, үш балды өз есебіне Владимир Чепышкин жазды. «Елордалықтар» қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, чемпионаттың үздік командаларының бестігіне енді.

«Құлагер» - «Астана» 2:5 (0:2, 2:1, 0:2)

0:1 - 01:34 - Сүлейменов (Графкин)

0:2 - 13:53 - Котлобаев (Әбдірахманов, Чепышкин) ГБ

1:2 - 27:03 - Зыбин (Телегин) ГМ

2:2 - 30:48 - Телегин ГБ

2:3 - 37:31 - Чепышкин (Котлобаев, Секербай)

2:4 - 49:16 - Секербай (Чепышкин)

2:5 - 59:59 - Сүлейменов (Хидуанов, Петренко) ГБ

Қақпашылар: Гиганов - Есен

Елордалық «Барыс» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Өз есебіне екі голдан Арсен Қайыргелді, Нұрали Айтмағамбетов пен Әлішер Аманғалиев жазды. Үш пас Аңсара Алдоңғардың есебінде.

«Барыс» - «Жас Батыр» 11:2 (6:0, 1:2, 4:0)

1:0 - 03:44 - Айтмағамбетов ГМ

2:0 - 05:08 - Аманғалиев (Алдоңғар, Қайыргелді)

3:0 - 09:31 - Каиргелди (Киреев, Айболұлы)

4:0 - 10:04 - Кубатаев (Церульников, Гафуров)

5:0 - 12:33 - Киреев (Аманғалиев, Алдоңғар)

6:0 - 15:05 - Саттар (Кенжеғали)

6:1 - 31:57 - Конрадий (Әлихан)

7:1 - 37:23 - Миндубаев (Алдоңғар)

7:2 - 38:20 - Конрадий (Мухамедияров) ГБ

8:2 - 44:11 - Айтмағамбетов

9:2 - 48:35 - Айболұлы (Кенжеғали) ГБ

10:2 - 48:49 - Аманғалиев (Киреев)

11:2 - 54:11 - Қайыргелді (Аманғалиев)

Қақпашылар: Кучковский - Еркінов (Аманғали, 48:49-60:00)

Алматы матчты екпіндетіп бастап, «Мұнайшының» арынын басты. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы – өз есебіне екі гол мен екі пас жазған Бекнұр Ырыс.

«Алматы» - «Мұнайшы» 6:2 (4:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 02:17 - Ырыс (Трифонов, Токтасынов) ГБ

2:0 - 04:23 - Ырыс ГМ

2:1 - 06:20 - Калина (Головащенко, Шишикин) ГБ

3:1 - 11:32 - Курносенко (Крылов)

4:1 - 15:07 - Шмидт (Ырыс, Курносенко)

5:1 - 26:19 - Казачков ШБ

5:2 - 29:22 - Бабешко (Есеркепов, Гривас) ГБ

6:2 - 46:57 - Трифонов (Ырыс)

Қақпашылар: Павлов - Плотников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.