Жолбарыстар Рудныйдан төрт балмен қайтты

22 qazan
177

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Рудныйда өтті.

«Горняк» пен «Тұранның» екінші кездесуі бастапқы кезеңде-ақ қарсыласты састырып үлгерген қонақтардың елеулі үстемдігімен өтті. Әрі қарай есеп алшақтығы тек өсе берді. Түркістандықтар құрамынан Дулат Дәулетәлиев дубль жасады, ал қақпашы Михаил Байдек қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Тұран Тайгерс» 1:6 (1:3, 0:2, 0:1)

1:0 - 07:46 - Жұмағалиев (Крицин, Стенников) ГБ

1:1 - 11:56 - Гизатулин

1:2 - 15:04 - Любченко (Гизатулин) ГБ

1:3 - 18:05 - Сенько (Мартынов) ГМ

1:4 - 25:26 - Дәулеталиев (Рахматуллаев, Бурабай)

1:5 - 31:28 - Нұрлан (Мартынов, Сенько) ГБ

1:6 - 55:38 - Дәулеталиев (Рахматуллаев)

Қақпашылар: Шапошник (Ибраев, 52:17-60:00) - Байдек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.