Көкшетаудағы буллиттер, Жас Батыр Карметті маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты

23 qazan
634

Бейсенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Арлан» мен «Астана» Көкшетаудағы бірінші текетіресте жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады. Кездесудің қаһарманы – дубль, оның ішінде жеңіс соққысын салған алаң иелерінің қорғаушысы Кирилл Байков. Осылайша, «көкшеліктердің» жеңіліс сериясы бес матчпен тоқтады.

«Арлан» - «Астана» 4:3 Б (1:2, 1:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 07:43 - Хидуанов (Петренко, Графкин)

1:1 - 12:20 - Тукин (Кентаев, Бикситов)

1:2 - 13:52 - Секербай (Абдрахманов, Сатемиров) ГБ

1:3 - 33:43 - Дровосеков (Кыдырбай)

2:3 - 37:44 - Кентаев (Байков, Ершов)

3:3 - 48:46 - Байков (Нуреев) ГБ

4:3 - 65:00 – Байков ПБ

Қақпашылар: Аминов - Есен

«Кармет» өз алаңында биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Сары-қаралардың» жеңіс сериясын «Жас Батыр» үзді. Атыраулықтарға теміртаулықтардың экс-ойыншысы Марк Забурдяевтің, дубль жасаған Кирилл Юдиннің дөп соққылары жеңіс әкелді. Қонақтардың қақпашысы Дулат Еркінов 39 сейв жасады.

«Кармет» - «Жас Батыр» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 18:15 - Забурдяев (Юдин, Бабичев) ГБ

1:1 - 22:54 - Вагнер (Маринин)

2:1 - 33:30 - Нурканов (Алтухов, Гордин) ГБ

2:2 - 35:44 - Юдин (Забурдяев, Ильясов) ГБ

2:3 - 43:59 - Юдин (Багитжанов, Бабичев)

Қақпашылар: Зюзин - Еркинов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.